ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып Нұржан Әлтаев тағайындалды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып Нұржан Әлтаев тағайындалды

вице-министр тағайындалды

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Әлтаев Нұржан Бауыржанұлы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Нұржан Әлтаев 1978 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2004 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2012 жылы – Академиялық инновациялық университетті тәмамдаған. Мамандығы – заңгер, экономист.

Еңбек жолын 2002 жылы бастады. 2005-2012 жылдары мемлекеттік органдарда әр түрлі қызметтер атқарған, ұлттық компанияларда жұмыс істеген. 2012-2017 жж. «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын», Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасын басқарды, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары болып істеген.

2017 жылғы қарашадан бастап осы уақытқа дейін ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарған.  

17 қаңтар, 2018 - 10:55 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші