Өндірістік процестерді тұрақтандыру, қызметкерлердің еңбек құқықтары және жұмысқа орналасу бойынша әкімдіктер, жұмыс берушілер мен кәсіподақтардың арасында өзара серіктестік туралы 115 119 меморандум жасалды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Өндірістік процестерді тұрақтандыру, қызметкерлердің еңбек құқықтары және жұмысқа орналасу бойынша әкімдіктер, жұмыс берушілер мен кәсіподақтардың арасында өзара серіктестік туралы 115 119 меморандум жасалды

меморандум

Биыл 1 – қаңтардағы жағдай бойынша  1,6 мың ірі өндіріс орны және 113,5 мың орта және шағын кәсіпорындармен меморандум жасалды. 

Тараптар аталған міндеттемелерді орындау кезінде еңбеккерлер үшін 2,8 млн. жұмыс орындарын сақтап қалуға мүмкіндік береді. 

140 кәсіпорын «Сенім сертификатының» иегері болды

Еске салай кетейік, жұмыс берушілерге еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес Декларация қағидалары негізінде сенім сертификаттары беріледі. Мұндай куәлікті алғандарға үш жыл ішінде тексеріс жүргізілмейді.

2018 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша «Сенім сертификатына» ие болған кәсіпорындар саны өткен жылмен салыстырғанда, 1,7 есеге артып, олардың қатары 140-қа жетті.

Бұл кәсіпорындарда үш жыл бойы ішінара және бақылаудың өзге түрлері жүргізілмейді.

Республикадағы кәсіпорындарда 12 412 еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша өндірістік кеңестер құрылды

2018 жылдың басында елдегі кәсіпорындарда 12 412 еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша өндірістік кеңестер құрылып, бұл 2017 жылдың 1 қаңтардағы жағдайымен салыстырғанда  9,6 % -ға жоғарылады (11 215).

22 қаңтар, 2018 - 10:49 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші