ОКҚ-де еңбек заңнамасының сақталуын бақылау нәтижелеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

ОКҚ-де еңбек заңнамасының сақталуын бақылау нәтижелеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті

еңбек заңнамасы

Орталық коммуникациялар қызметінде Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ақмәди Сарбасовтың қатысуымен «Еңбек заңнамасының сақталуын бақылау нәтижелері» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. 

Ақмәди Сарбасовтың айтуынша, 2017 жылдың қорытындысы бойынша Бүкіләлемдік экономикалық форумының Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «еңбек нарығының тиімділігі» факторы бойынша Қазақстан 140 елдің ішінде 35-ші орынға ие болды. Бұл жаңартылған еңбек заңнамасының ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік серіктестермен бірге қабылданатын жүйелік шаралардың көрсетер нәтижесі.  

«Өткен жылы үшжақты комиссия еңбекақы бойынша қарызы бар 305 кәсіпорынды анықтады. 2017 жылдың қорытындысында жұмыс берушілер тарапынан 22,1 мың жұмысшыға 3,1 млрд теңге берешек өндірілді. »

 Жұмысшыларды қысқартуды жоспарлаған 75 кәсіпорында 3,7 мың қызметкерді жұмыстан босатпауға бағытталған шаралар қабылданды, ал, 185 мыңнан астам жұмысшысы бар 422 кәсіпорын еңбек және әлеуметтік заңнаманы жиі бұзатын кәсіпорындар ретінде тәуекелге жиі ұшырайтындар қатарында» - деді бас еңбек инспекторы.

Өткен жылы жеке еңбек келісімшарттарының саны 60 мыңға артты. Сондай-ақ, бүгінгі күні қызметкерлерді қысқартудың алдын алуға бағытталған 115 мың меморандум жасалды.  Нәтижесінде 2,8 млн жұмыс орны сақталып қалды.

Ақмәди Сарбасовтың айтуынша, 2017 жылы азаматтардың өтініштері бойынша 9 920 жоспардан тыс тексеру жүргізілген.

«Олардың басым бөлігі жалдамалы жұмысшылар және жұмыстан босатлығандар. Олардың шағымы бойынша 14,9 мыңнан астам заңбұзушылық анықталды. Тексеріс нәтижесінде 467 млн. теңге айыппұл салу туралы санкциялар берілді.» -деді комитет төрағасы.

Ақмәди Сарбасовтың пікірінше, еңбек қауіпсіздік жағдайларын қамтамасыз ету мәселелерінде оң өзгерістер байқалады. Соңғы 3 жылда өндіріс орындарында зардап шеккендер қатары 16%-ға азайды.

Экономиканың салалары бойынша ең көп зардап шегетін жұмысшылар тау-кен металлургиялық кешендерінде -16,0% және құрылыс индустриясында 15,2% болып тіркелген.

Қорыта айтқанда жаңа Еңбек кодексі қауіпсіз еңбек жағдайларын жақсарту үшін өндірістік кеңестерді құруды қарастырады. Бүгінде мұндай 12 мыңнан астам кеңес құрылған кәсіпорын арасында 140 жұмыс берушіге «Сенім сертификаты» табысталды.

Еске салай кетейік, жұмыс берушілерге еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес Декларация қағидалары негізінде сенім сертификаттары беріледі. Мұндай куәлікті алғандарға үш жыл ішінде тексеріс жүргізілмейді.

Жаңа еңбек заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу мақсатында сарапшылар тобы жұмысты жалғастырып жатыр. Аталған тобқа бүгінге дейін жұмыс берушілерден, қызметкерлерден, азаматтардан 200-ге жуық ұсыныстар келіп түсті.

Сарапшы тоб түсіп жатқан ұсыныстарды ескеріп, заңдағы өзгерістерді қарау үшін биыл Парламент қарауына жіберуді жоспарлап отыр.

22 қаңтар, 2018 - 20:51 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші