You are here

2018 жылдың 1 қаңтарындағы мемлекеттік әлеуметтік көмектер туралы

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК)

     Өңірлік жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының мәліметтері бойынша  2018 жылдың 1 қаңтарында  аз қамтылған отбасылар қатарындағы 23,3 мың азаматқа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Атаулы әлеуметтік көмектің санында  68,2 пайызы - балаларға, 4,3 пайызы - халықты жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыздарға, 9,4 пайызы - жұмыс істейтіндерге, 0,4  пайызы - зейнеткерлерге, 0,8 пайызы - мүгедектерге, 3,4 пайызы -студенттер, тыңдаушылар, күндізгі бөлімде оқитын курсанттар және де магистратура мен аспирантураны қосқанда, 12 пайызы  - балалар күтімімен отырған тұлғаларға, 0,4 пайызы - басқада (80 жастан асқан тұлғалар мен I -II топтағы мүгедектерді күтіп отырған азаматтарға) және т.б. тағайындалған.      Республика  бойынша  аталған көмектің 1 алушыға ай бойындағы орта  есептік мөлшері  2692,4 теңгені құрайды. Атаулы әлеуметтік көмекке бөлінген  қаражаттың  50,6 пайызы  ауыл тұрғындарына төленді.

                                 18 жасқа дейінгі балаларға  берілген мемлекеттік жәрдемақы (БМЖ)

        Өңірлік жұмыспен  қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының  мәліметтері бойынша 2018 жылдың 1 қаңтарында  мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған балалар саны 539,6 мың адамды құрады. Оның ішінде  ауыл тұрғындардың үлесі 68 пайыз. Мемлекеттік әлеуметтіктің көмектерге (АӘК, БМЖ, тұрғын үй көмегі) тағайындалған  қаржының 84,3 пайызы 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысына арналған.  Республика   бойынша  БМЖ  1 алушыға ай бойындағы орта  есептік мөлшері 1689,9 теңгені құрайды. Аталған мемлекеттік жәрдемақыға  бөлінген  қаражаттың  70,2  пайызы  ауыл тұрғындарына жіберілген.

Тұрғын үй көмегі

      Өңірлік жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының   жедел мәліметтері бойынша 2018 жылдың 1 қаңтарында  тұрғын үй көмегі 76,6  мың отбасына  тағайындалды.   Тағайындалған тұрғын үй көмегінің үлесі  барлық мемлекеттік әлеуметтік көмектердің (АӘК, БМЖ, тұрғын үй) ортақ санынан 14,1 пайызды құрайды. Аталған көмектің  бірайлық ортақ мөлшері 2582,9 теңге.

  

Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК)

18 жасқа дейінгі балаларға  мемлекеттік жәрдемақы (БМЖ)

Тұрғын үй көмегі*

 

Алушылар  (мың. адам)

орташа мөлшері (теңге)

алушылар (мың. адам)

орташа мөлшері (теңге)

Алушылар                  (мың. отбасы)

орташа мөлшері (теңге)

Қазақстан

23,3

2692,4

539,6

1689,9

76,6

2582,6

*-жедел мәліметтер

26 қаңтар, 2018 - 10:57 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші