2017 жылы «Бастау-Бизнес» шеңберінде 3 314-ден астам жоба қайта несиелендірілді | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

2017 жылы «Бастау-Бизнес» шеңберінде 3 314-ден астам жоба қайта несиелендірілді

«Бастау-Бизнес»

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының іске асырылуы - кәсіпкерлік негізде несие алу және оқу арқылы өз бизнесін ашу үшін жағдай жасауды көздейді.

2017 жылы «Бастау-Бизнес» жобасымен 15 мыңнан астам адам қамтылды. Олардың барлығы оқудан өтті. Соның ішінде шамамен 3,3 мың адам шағын несиелер алды. 

Бүгінгі таңда шағын несиелеудің ауқымы кеңейіп, ауыл тұрғындарымен қатар қалалық азаматтардың да бұған мүмкіндіктері бар.

Несиенің шекті көлемі 18 млн. теңгеге дейін ұлғайтылды. Мерзім 5 жылға дейін, ал егер мал шаруашылығы немесе ауыл шаруашылық кооперативтерін құру кезінде бұл 7 жылға дейін ұзартылды.

Жалпы алғанда, 2017 жылы 7 000 жуық шағын несие беріліп, 57%-ы немесе 4000 астамы өз бизнесін бастады (стартап-жобалар).

26 қаңтар, 2018 - 13:29 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші