Лайықты еңбек жағдайларын жақсарту мақсатында жаңа Бас келісімге қол қойылды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Лайықты еңбек жағдайларын жақсарту мақсатында жаңа Бас келісімге қол қойылды

қол қою

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен өткен республикалық үшжақты комиссияның отырысында 2018-2020 жылдарға арналған Бас келісімге қол қойылды.

Бас келісімнің мақсаты - әлеуметтік-еңбек саясатын іске асырудың негізгі қағидаттарын анықтау және лайықты еңбек жағдайларын жақсарту.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова атап өткендей, ерте кәсіпке бағдарлау және диагностикалау тұжырымдамасы әзірленетін болады, білім беру бағдарламаларының мазмұнын жетілдіруде жұмыс берушілердің талаптары ескерілетін болады.

Сондай-ақ, мәселелердің тағы бірі - жұмыс берушілер мен қызметкерлердің құқықтық сауаттылығының төмен деңгейі.

«Жұмыс берушілер арасында Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің Дүниежүзілік экономикалық форумы рейтингісі шеңберінде жүргізілген сауалнама кезінде бизнес өкілдерінің жартысынан көбі «жалақыны кім белгілейді: мемлекет әлде әрбір компания өз алдына ма? » деген сұраққа, олар «мемлекет», - деп жауап бергенін министр тілге тиек етті.

Сонымен қатар, келіссөздер процесінде де айтарлықтай мәселелер бар. Мәселен,  жақында ғана орын алған еңбек жанжалдары тараптар келіссөздер жүргізу барысында еңбек заңнамасының талаптарын ескермегенін көрсетіп берді.

«Бұл өте маңызды мәселе. ҰКП және кәсіподақтар жұмыс берушілердің де, жұмысшылардың да құқықтық сауатын арттырумен шұғылдану қажет.» - деп ерекше атап өтті сала басшысы.

 Жалпы айтқанда, іскерлер қауымдастығы мен кәсіподақтар алдында кәсіби стандарттарды құру және қызметкерлерді «өмір бойы оқыту» қағидасын жүзеге асыру үшін өзін-өзі дамытуға ынталандыру міндеттері қойылды.

31 қаңтар, 2018 - 12:14 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші