X
egov

You are here

Құрылыс саласындағы еңбек қатынастары мәселелері талқыланды

құрылысшылармен жиын

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев құрылыс саласындағы еңбек қатынастары мәселесіне арналған жиын өткізді. Оған Қазақстан құрылысшылар қауымдастығы, ҚР Ұлттық құрылыс саласы қауымдастығы, ҚР кәсіподақтар федерациясы, «ҚР Құрылыс кешені және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық қызметкерлері Салалық кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігі өкілдері қатысты.

Еңбек вице-министрі Нұржан Әлтаев атап өткендей, құрылыс индустриясы еңбек қатынастарының талаптарын сақтамайтын «көшбасшы» саланың бірі болып отыр.  

«Көп жағдайда жұмыс берушілер еңбеккерлерді жұмыстан босатқаны туралы жұмыспен қамту қызметтеріне хабарламайды және ешқандай алдын ала ескерту жасаймайды. Олардың әрі қарай жұмысқа орналасуына да ықпал етпейді. Осылайша құрылыс мекемелернің басшылары Еңбек заңнамаларының орындалуын сақтамай, туындауы мүмкін әлеуметтік зардаптардың алдын алмайды», - деді еңбек министрінің орынбасары.

Нұржан Әлтаевтің айтуынша, тұрғындар мен жұмыс берушілерді қолдау мақсатында мемлекет тарапынан тиімді шаралар қолға алынған. Бұл тұрғыда нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы жүзеге асып келеді. Алайда жұмыс берушілер бұл бағдарламаның тетіктерін біле бермейді.

Жекелеп айтқанда, олар - жұмысқа қабілеті барларды жұмыс берушілердің ортақ қаржыландыруының есебінен қайта даярлау, «Әлеуметтік жұмыс орындары» жалақысын ішінара субсидиялау, жастар тәжірибесі, еңбек ұтқырлығын көтеру, электронды еңбек биржасы арқылы қызметкерлерді іздеу және іріктеу.

Сонымен қатар, жиында жалақы бойынша берешегі бар проблемаларды шешу, сондай-ақ өндірістік жарақат алу себептері және оны болдырмау үшін бірлесіп әрекет ету мәселесі де талқыланды.

«Статистика құрылыс индустриясында адамдардың ең көп жарақат алатындығын көрсетіп отыр. Дегенімен, жарақат алу деңгейінің жалпы көлемінің  төмендеуіне қарамастан, жыл сайын 1500-ден астам жұмысшы зардап шегеді» - деп қорытындылады вице-министр Нұржан Әлтаев.

Сондықтан, жұмыс берушілердің де, құрылыс индустриясы жұмысшыларының да құқықтық сауаттылығы төмен деңгейде болып отыр. Десе де, 2017 жылы Министрліктің аумақтық органдары бұл бағытта 1,9 мыңнан астам, ал, аймақтардағы мемлекеттік еңбек инспекторлары 2000-нан астам семинарлар ұйымдастырды.

«Алайда, қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын көтеру үшін жұмыс берушілердің өздері қызығушылық танытуы қажет және бұл бағыттағы жұмыстар күшейтілгені дұрыс» - деді вице министр.

Кездесу қорытындысында тараптар құрылыс саласындағы еңбек қатынастарына қатысты проблемалық мәселелерді шешуде бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеуді көздеп отыр.

Еске сала кету керек, осы жылдың 31 қаңтарында Еңбек кодексін жүзеге асыру барысында Үкімет, республикалық жұмыс берушілер қауымдастығы және республикалық кәсіподақтар арасында 2028-2020 жылдарға арналған жаңа Бас келісімге қол қойылып, оны жүзеге асырудың жол картасы жасалды.

Бас келісім Мемлекет басшысының анықтап берген Үшінші модернизациядан туындайтын міндеттерді орындауға және қолданыстағы проблемаларды шешудегі шараларды қамтуға бағытталған.

16 ақпан, 2018 - 13:20 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші