X
egov

You are here

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті

ҚР ЕХӘҚМ алқа мәжілісі

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 жылғы атқарған жұмыс қорытындысы және осы жылы Елбасының Жолдауында айтылған тапсырмаларды жүзеге асыруға арналған ведомстваның кеңейтілген алқа мәжілісі өтті.    

Алқа мәжілісіне ҚР Парламентінің депуттары, Президент Әкімшілігі мен ҚР Премьер – Министрі Кеңсесінің қызметкерлері, Қоғамдық кеңес мүшелері, Ұлттық банк, орталық атқарушы органдар, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары, еңбек испекциялары, қаржы институттарының, әлеуметтік әріптестік, үкіметтік емес және тағы басқа ұйымдардан өкілдер қатысты.  

Ведомстваның 2017 жылға дейінгі қызметінің негізгі қорытындылары мен 2018 жылға арналған міндеттерін Министр Мәдина Әбілқасымова айтып берді.

Атап айтқанда, министр былтыр 2021 жылға дейін қабылданған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәспікерлікті қолдау бағдарламасының алғашқы нәтижелерін баяндады.

«Бағдарлама аясында жарты миллионнан астам азамат жұмыспен қамтылды, оның 70% -ы немесе 300 мың адам жұмыссыз және өздігінен жұмыс істейтіндер тұрақты жұмысқа орналасты», - деді министр.

Бұдан басқа жаппай кәсіпкерлікті қолдауға 2017 жылы 7 200-ден астам шағын несиелер беріліп, оның 57%-ы стартап жобалар болды. Нәтижесінде 4 100-ден астам азамат өзінің жеке кәсібін ашты.

Бағдарламаны іске асыру нәтижелерін қорытындылай келе министр, бүгінгі күні оның қай тұстарын жетілдіру қажеттігін нақты атап өтті.

«Біз бұл мәселелерді өңірлердегі әріптестерімізбен бірге талқыладық. Бағдарлама жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталғандықтан, болашақта барлық ұсыныстар мен тұжырымдамаларды жан-жақты талқылайтын боламыз», - деп қорытындылады министр.

Сондай-ақ, ведомства басшысы базалық зейнетақы тағайындау әдістемесінің өзгергені жайында айтып берді. 2018 жылы 1 шілдеден бастап, оның мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу мерзіміне тікелей байланысты болады.

Сонымен бірге, 2018 жылдың 1 - шілдесінен бастап 1998 жылғы 1 - қаңтарға дейінгі еңбек өтілін және 1998 жылғы 1 - қаңтардан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу мерзімін ескере отырып, базалық зейнетақыны тағайындау әдісі өзгереді. Базалық зейнетақы көлемі 1,8 есеге артады деп күтілуде. Осылардың барлығы ескеріле келе министрліктің 2018 жылға арналған бюджеті 2,6 трлн. теңгеге ұлғайып, республикалық бюджет шығындарының 28,3%-ын құрайтын болады.  

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап бала кезден І топ мүгедектігі бар кәмелет жасына толғандардың күтушісіне ең төменгі күнкөріс деңгейінің көлемінен кем емес мөлшерде жәрдемақы тағайындалады.  Бұл жәрдемақыны 14 мың отбасы алатын болады. Қазір осыған қатысты Заң жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінде қаралуда.  

Ал, 2018 жылы 300 мыңнан астам өзін -өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз жүрген азаматтарды тұрақты жұмыспен қамту жоспарда бар. Жұмыс күші қажет аймақтарға 9 мыңға жуық ерікті қоныс аударуға ниет білдіріп отыр. Жұмыс берушілерге барлық шығындарды өтеуге субсидиялар ұсыну жоспарлануда.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың мәртебесін айқындауға, олардың тіркелуін жеңілдетуге және салық жеңілдіктерін беретін бейресми жұмыспен қамтылғандарды рәсімдеу туралы заң жобасын жедел түрде әзірлетін болады.  

Вице-министр Светлана Жақыпова әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін дамыту туралы, атап айтқанда жаңа форматты АӘК-ті енгізу туралы егжей-тегжей баяндады.

Еске салайық, 2017 жылы пилоттық тәртіпте Жұмыспен қамту орталықтарында құжаттарды қабылдау және өңдеу процестерін бірыңғай терезе қағидаты бойынша автоматтандырылған базаны қалыптастыру үшін «Өрлеу» жобасы шеңберінде ауқымды жұмыстар жүргізілді.

 «Биыл қаңтар айында Жұмыспен қамту орталықтарындағы халықтың ұзын сонар кезекке тұруын болдырмау және оның алдын алу шараларын қолдану нәтижесінде 26 мыңға жуық отбасына жаңа форматтағы АӘК тағайындау қамтамасыз етілді. Біздің болжам бойынша, бұл бағытта 350 мыңға жуық отбасын қамтамасыз етеміз», - деді Светлана Жақыпова.  

Өткен жылы отбасын, ана мен баланы қолдауда бірқатар шаралар жүзеге асырылды. Осылайша, бала тууға тағайындалатын біржолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 7% -ға өсті және 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап 20% -ға артты. Бұл елдегі демографиялық ахуалдың жақсаруына айтарлық оң ықпал етті. Соңғы он бес жылда бала туу көрсеткіші 1,8 есе өсті. Мәселен, 2002 жылы елде 221,2 мың бала дүниеге келсе, биыл 1 қаңтардағы жағдай бойынша 390,5 мың нәресте дүние есігін ашыпты.

Вице-министрдің айтуынша, өткен жылы МӘС бөлімдерімен мүгедектікке байланысты алты мемлекеттік қызмет түрін белсенді түрде ұсыну мәселесі қаралды.  

2018 жылы мүгедектерді оңалту мен басқа да қызметтерді ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеуде қосымша қарау қажеттілігін болдырмау жоспарлануда.

«Біз үнемі кедергісіз қызметпен қамтамасыз етуді бақылап отырамыз. Қазіргі уақытта сертификатталған әлеуметтік және көлік инфрақұрылымдарының 90,7% -ы   мүгедектер үшін қолжетімді», - деді еңбек министрінің орынбасары Светлана Жақыпова.

Сонымен қатар, алқа отырысы кезінде экономиканы цифрландыру есебінен бос жұмыс орындарына халықты жұмылдыру саясаттын әзірлеу мәселелері қаралды.

Министр Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, бұл бағытта негізгі ірі кәсіпорындармен бірге жұмыс істеу өте маңызды.

Қорыта айтқанда, Еңбек министрі Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған, ведомство алдында тұрған бірқатар басым міндеттерді атап өтті.

«Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев алдымызға экономиканы цифрландыру, халықты әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз ету үшін оларды тегіс ресімдеу, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамытуға қолдау, елде нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын ауқымды іске асыру міндетін қойып отыр.»-деп атап өтті министр. 

19 ақпан, 2018 - 11:16 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші