ҚР ЕХӘҚМ жеке кәсіпкерлік субъектілеріне аккредиттеу жүргізетінін хабарлайды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

ҚР ЕХӘҚМ жеке кәсіпкерлік субъектілеріне аккредиттеу жүргізетінін хабарлайды

аккредитация

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Министрліктің жанындағы жеке кәсіпкерлік субьектілері бірлестіктерініне аккредиттеу жүргізу туралы хабарлайды.

2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнің республикалық бiрлестiктерi, республикалық салааралық, салалық бірлестіктер, сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсiпкерлiк субъектілерінің республикалық бiрлестiктері Министрлікте аккредиттеуге жатады.

Өтiнiш берушi аккредиттеу алу үшiн Министрлікке мынадай құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысандағы өтініш;

2) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және бiрлестiктi заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiктiң немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;

3) бiрлестiк мүшелерiнiң тiзiмi.

Жеке кәсіпкерлік субьектілерінің аккредиттелген бірлестіктері Министрлік жанындағы кәсіпкерлік мәселелері бойынша сараптамалық кеңестің қызметі шеңберінде жеке кәсіпкерлердің мүдделерін қамтитын нормативтық құқықтық актілер жобаларына сараптама жасауға құқық алады.

Құжаттар интернет-ресурста хабарлама орналастырылған күннен бастап 2018 жылғы 3 наурыз қоса алғанға дейін Астана қаласы, Мәңгілік ел д., 8 үй,
6 кіреберіс мекен-жайында қабылданады.

Телефон: 743213, 743586.

 

 

19 ақпан, 2018 - 17:44 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші