X
egov

You are here

Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі Заңға өзгерістер енгізілетін болады

Парламент

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова  «Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту және көші-қоны мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң  жобасын ұсынды.   

Заң жобасына енгізілетін түзетулер халықтың көші-қоны саласындағы ведомстволар міндеттерін жіктеуді қарастырады.  

Мысалы, көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру  міндеті  Ұлттық экономика министрлігінен Еңбек  Министрлігіне, ал көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты ведомствоаралық үйлестіру және жүзеге асыру жөніндегі мәселелер енді Ішкі істер министрлігінің құзырына көшеді.  

Еңбек министрінің айтуынша,  «Халықтың көші-қоны туралы» Заңына оралман мәртебесін созуға мүмкіндік беретін түзетулер енгізілген.  

«Бүгінгі күні оралман мәртебесі бір жылдық мерзімге немесе ҚР азамататтығын алған уақытқа дейін ғана беріледі. Қандай да бір себептермен оны  аталған  уақытта жүзеге асырып  үлгермеген адамдар үшін, бір мәрте және тек Қазақстан азаматтығын жеңілдетілген түрде алу мақсатында оралман мәртебесін  үш айдан астам емес уақытқа созу мүмкіндігі қарастырлған» -  деді салалық ведомство басшысы  Мәдина Әбілқасымова.

Сонымен қатар,  «Халықтың көші-қоны туралы» Заңына тек  «қоныс аударушылар мен олардың отбасыларын» ғана емес, жекелеген,  оның ішінде некеге тұрмаған  «қоныс аударушыларды»  да мемлекеттік қолдау шараларымен қамту және аймақтық квоталарына кіргізуді  қарастыратын түзетулер енгізіледі. 

Жалпы, Еңбек министрі ұсынған заң жобасы  3 Кодекс пен  5 Заңға өзгертулер мен қосымшалар енгізуді қарастырады.

21 ақпан, 2018 - 17:17 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші