X
egov

You are here

ҚР Парламентінде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі заң жобасына түзетулер енгізу талқыланды

Парламент

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова  «Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту және көші-қоны мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң  жобасын ұсынды.   

Еңбек министрінің айтуынша, заң жобасында жұмыспен қамту орталықтарын реформалау кеңінен қарастырылған. Сондай-ақ барлық бос жұмыс орындары мен елді мекендер үшін бірыңғай онлайн-платформа құру жоспарланып отыр.

 Сонымен қатар, еңбек биржасында жұмыс берушілер мен жұмыссыздар жұмыспен қамту орталықтарымен және жеке агенттіктермен өзара әрекет жасайтын болады.

Еске сала кетейік, электронды еңбек биржасы 2017 жылдың қазан айында пилотты режимде Алматы, Астана, Павлодар және Шымкент қаласында іске қосылған болатын. Ал, биыл жыл басынан бастап еліміздің барлық аймағында жұмыс істей бастады. Бүгінге дейін электронды еңбек биржасында шамамен 30 мың бос жұмыс орны мен 50 мыңдай түйіндемелер орналастырылды. Аталған интернет-ресурс арқылы 18 мыңнан астам адам жұмысқа орналасса, 14,2 мың жұмыс беруші тіркелді және  34 жеке жұмыспен қамту агенттігі серіктестер ретінде қосылды.

Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, инновациялардың бірі жұмыспен қамту саласына аутсорсинг енгізіледі.

Бұл жұмыссыз жүргендерді жеке жұмыспен қамту агенттіктері арқылы жұмысқа орналастыруға бастайды. Ал, олар жұмыссыздар үшін кәсіптік бағдар беру және жұмысқа орналасу қызметтерін көрсететін болады.  

Жалпы, Еңбек министрінің ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында ұсынған заң жобасы 3 Кодекс пен 5 Заңға өзгертулер мен түзетулер енгізуді қарастырады.

21 ақпан, 2018 - 19:31 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші