X
egov

You are here

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және әдеп нормаларының сақталуы мәселесіне арналған семинар Еңбек министрлігінде өтті

меморандум

Жиынға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы Аида Құрманғалиева төрағалық етті.  

Сонымен бірге басқосуға министрлік орталық аппаратының, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің, ҚР мемлекеттік әдеп жөніндегі уәкілетті органның, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.

Жиынның ашылуында сөз алған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы Аида Құрманғалиева мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік имиджі мен іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптарды арттыруда Елбасының «Ұлт жоспары- «100 нақты қадам» мақаласының 12-ші бағытын жүзеге асыру мақсатында Әдеп жөніндегі уәкілетті институт енгізілгенін атап өтті.

Әдеп жөніндегі уәкілетті институттың жуық арада ғана енгізілгеніне қарамастан, тәжірибе көрсеткендей, бұл институт қажет және өзінің оң нәтижелі екенін көрсетіп отыр. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі Сырым Нәси мемлекеттік қызмет саласындағы ҚР заңнамасының талаптарын орындау аясында жүргізілген жұмыстар туралы баяндады.  

Сол мерзімнен бергі кезеңде 50-ге жуық профилактикалық іс-шаралар өткізіліп, өңірлерге, аудан және ауылдық округтерге 17 рет іс-сапарлар жасалды.

«Қызметтік әдеп нормаларын, сондай-ақ ұжымның моральдық-психологиялық ахуалының сақталуын қадағалау мақсатында мемлекеттік қызметкерлер арасында және оның құрылымдық бөлімшелерінде анонимді жағдайда сауалнама жарты жылда бір рет өткізіледі. Бүгінге дейін сауалнамаға 400-ден астам мемлекеттік қызметкер қатысты. Жүргізілген сауалнаманың негізінде Министрліктің және оның аумақтық бөлімшелеріндегі қызметкерлердің моральдық-психологиялық ахуал тұрақты деп бағаланады» -деп атап өтті Сырым Нәси.

Сондай-ақ, әдеп жөніндегі уәкіл, Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен оның аумақтық департаменттері басшыларына «басшы және оған бағынысты» жүйесінде құрылымдық бөлімшелерге түсіністік пен сенімділік атмосферасын қалыптастыруға, сонымен бірге қызметкерлердің өз міндеттеріне сәйкес жұмыс күшін біркелкі бөлуге ерекше назар аударуды атап  өтті.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың 4-ші тоқсанынан бастап Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің орталық аппаратында әдеп жөніндегі уәкіл лауазымы енгізілген болатын.

Агенттіктің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры Равиль Төлебаевтің айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстанда кәсіби мемлекеттік аппараттың жұмыс істеуіне заңнамалық және институционалдық жағдайлар жасалуда.

«Әдеп жөніндегі уәкілет қазіргі уақытта қалыптасу кезеңін бастан өткеруде және осы кезеңде уәкілдер өздерінің міндеттерін тың бастамалармен және жауапкершілікпен атқаруы керек», - деді Равиль Төлебаев.

Сонымен қатар, Равиль Тулебаев тыңдаушылар назарын «Өзгерістерді өзіңнен баста» бағдарламасының шеңберінде мемлекеттік қызметкерлердің ой-пікірін кең ауқымда трансформациялау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқандығына аударды. 

Жиында «Білім» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Әлия Оразғалиева мемлекеттік қызметкерлердің әдеп деңгейін анықтау мақсатында жүргізілген әлеуметтік зерттеулер нәтижесін баяндады. Оның айтуынша, азаматтардың 73% -ы мемлекеттік қызметкерлердің этикалық мінез-құлқының жоғары деңгейде екенін айтса, 65,5% -ы қанағаттанарлық деп көрсеткен. Ал, көрсетілген мемлекеттік қызмет кезінде мемлекеттік қызметкерлердің сыпайы және кәсіби этикасына (мінез-құлқына халықтың 76%-ы қанағаттанарлық деп жауап берген.

Кездесу қорытындысы бойынша «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталық» республикалық қоғамдық бірлестігі мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

22 ақпан, 2018 - 18:30 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші