Еңбек министрі СҚО-на жұмыс сапары кезінде бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Еңбек министрі СҚО-на жұмыс сапары кезінде бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады

министрдің жұмыс сапары

Сапар барысында ол өңірдегі бірқатар әлеуметтік нысандардың қызметімен танысты. Министр Солтүстік Қазақстан облысында жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы жан-жақты айтып берді.

Еске сала кетейік, биыл 1 қаңтардан бастап Елбасының тапсырмасына сәйкес аз қамтылған отбасыларға арналған үш бірдей әлеуметтік төлемді біріктірген жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) енгізілген болатын.  

2017 жылы пилотты режимде жүзеге асырылған «Өрлеу» жобасына 179 мыңнан астам қазақстандық қатысты. Жұмыспен қамту орталықтарының базасында бірыңғай терезе қағидаты бойынша құжаттарды қабылдау және өңдеу үдерістерін автоматтандыру, заңнамалық базаны қалыптастыру бойынша кең ауқымды жұмыстар жүргізілді.

Алдын ала жасалған болжам бойынша атаулы әлеуметтік көмек шамамен еліміздегі 350 мыңдай отбасына көрсетілмек.

Солтүстік қазақстан облысында бұл жобаға 1800-ден астам адам, я болмаса 400-дей отбасы қатысты.

«Аймақ жыл басынан бері жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмек 836 отбасына тағайындалды, оның ішінде 554 отбасы жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге шараларына белсенді қатысу үшін әлеуметтік келісімшарт жасады», -деді Еңбек министрі.

Еңбек министрі Мәдина Әбілқасымова облыстың бірқатар аудандарында осы бағыттағы жұмыстарды күшейтуді ұсынды. Бұл реформа аз қамтылған отбасылардың өмір сүру сапасын жақсартып, қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын сақтайды және тиісті деңгейде үйлестірілген жұмыс азаматтардың өмір сүру деңгейіне оң ықпал ететінін атап өтті.

Сонымен бірге Мәдина Әбілқасымова Петропавлдағы балаларға арналған әлеуметтік қызмет көрсету орталығына да барды. Онда ведомства басшысы мүгедек балалардың жағдайымен және жартылай станционарлық мекемедегі қызметтердің сапасымен танысты.

Балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығының іргесі осыдан 40 жылдан астам уақыт бұрын қаланған. Орталықта, психоневрологиялық патологиялары бар 3-тен 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларға мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

Медициналық-әлеуметтік мекеменің негізгі міндеттері - балаларға қолайлы тұрмыстық жағдай жасау, арнайы әлеуметтік көмектің мемлекеттік стандарттарына сәйкес қызметтер көрсету, оңалту шараларын қамтамасыз ету, сондай-ақ өзін басқаруды қамтамасыз ететін түзету және дамыту бойынша оқытуды ұйымдастыру болып табылады.

Сондай-ақ, министр Мәдина Әбілқасымова СҚО әкімі Құмар Ақсақаловтың өңірдегі халық алдында есеп беру жиынына қатысты. 

 

22 ақпан, 2018 - 18:34 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші