ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Б Әлтаев Оңтүстік Қазақстан облысына іс-сапармен барды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Б Әлтаев Оңтүстік Қазақстан облысына іс-сапармен барды

вице-министр

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Б Әлтаев Оңтүстік Қазақстан облысына іс-сапарымен барды. Төле би ауданының тұрғындарымен кездесіп,  Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы жүктеген міндеттер мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласында атқарылған істер туралы баяндады.

Президентінің тапсырмасы бойынша 2017 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті 2021 жылға дейін дамыту» бағдарламасын іске асыру басталды. Бағдарлама жаппай оқытуға, нәтижелі жұмыспен қамтуға және жеңілдіктеліген микронесие берумен азаматтарды кәсіпкерлікке тартуға және еңбек ұтқырлығын арттыруға бағытталған.

«Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Бағдарламаны іске асырудың алғашқы жылында 75 мың адам жұмыспен тартылды. Оның ішінде 55 мыңдай адамды (73%) тұрақты жұмыспен қамтылды. Алғашқы жұмыс мамандығын тегін алуға 4 584 адам жіберілді. Ал қысқа мерзімді оқытумен 12 159 адам қамтылып, оның ішінде 8 мың адам оқуын аяқтаған соң тұрақты жұмысқа орналастырылды. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында облыста 6,2 млрд. теңге сомасында 916 несие берілді. Биыл бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады»,- деп вице-министр Нұржан Әлтаев өткен жылдың қорытындыларына тоқталды.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды тиімді жұмыспен қамтамасыз ету үшін 2018 жылы облыстық Формализациялау жөніндегі жол картасы және Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспары іске асырылады. Бұл орайда вице-министр: «Өңірдің 2018 жылға арналған басты міндеті – бұл 41,7 мың өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандарды нәтижелі жұмысқа тарту мақсатында жоспарланған индикаторға қол жеткізу», - деп атап өтті.

Сонымен қатар, маңызды бағыттардың бірі – халықты әлеуметтік қамсыздандыру саласында Мемлекет басшысының бастамасына сай, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақылардың мөлшерлері 8%-ға арттырылды және 1 шілдеден бастап базалық зейнетақыны тағайындау әдісі қайта қаралады. Оған қоса, үстіміздегі жылдан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеметтік көмек енгізілді. Бұл күнкөрісі төмен отбасыларға кешенді көмек болып табылады. Ол ақшалай көмекпен қатар жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын көрсетуді көздейді.

Бұл мақсатта Оңтүстік Қазақстан облысында 13,2 млрд теңге, оның ішінде 8,1 млрд теңге республикалық бюджеттен бөлінді  (республика бойынша барлығы МБ-дан – 31 млрд теңге, оның ішінде               РБ-дан – 19,2 млрд. теңге). Жыл басынан бері облыста Атаулы әлеуметтік көмек 1 768 отбасыға тағайындалып, оның ішінде 533 отбасы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға әлеуметтік шарт жасалды.

«Әлеуметтік жәрдемақы төлеу жүйесіндегі басты жаңалық - Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы 10 қаңтардағы Жолдауында берген тапсырмасын орындау мақсатында  1 шілдеден бастап кәмелет жасқа толған, бала кезінен І топтағы мүгедектерді бағып отырған адамдар үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен емес мөлшерінде жаңа жәрдемақы енгізіледі. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша оны 2 086 отбасы алатын болады»,- деді вице-министр Нұржан Әлтаев.

Кездесу барысында аудан тұрғындары әлеуметтік сала бойынша сұрақтарына жауап алды.

23 ақпан, 2018 - 17:36 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші