X
egov

You are here

Астанада кәсіподақтар қызметі туралы заңға түзетулер енгізу туралы ұсыныс талқыланды

ҚР ЕХӘҚМ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіподақтардың қызметімәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізді.

Оған ҚР Парламент депутаттары, Мемлекеттік органдардан, жұмыс берушілер және жұмысшылардың республикалық бірлестіктерінен, тағы да басқа ұйымдардан өкілдер қатысты.  

Қоғамдық тыңдауларға қатысушылар үш заңға және Еңбек кодексіне бірқатар түзетулерді енгізу бойынша заң жобасын талқылады.

Ұлттық заңнамаға түзетулер Халықаралық еңбек ұйымының «Ассоциация бостандығы және ұйымдастыру құқығын қорғау жөніндегі» №87 Конвенциясына сәйкес жасалады:

Бірінші. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ҚР азаматтар тобының бастамасы бойынша кәсіподаққа кемінде он адам (съезі, конференциясы) шақырылады, жарғы қабылданып, олардың органдары құрылады.

Сонымен бірге, ХЕҰ-ның сарапшылар комитеті ҚР Үкіметіне кәсіподақтар құруда оған қатысушылар санына қойылатын ең төменгі талапты төмендетуді ұсынады, себебі бұл қоғамдық ұйымдар құру еркіндігінің маңызды шектеуі болып табылады

Осыған байланысты, заң жобасында бастамашыл топта талап етілетін азаматтардың қатарын 10-нан 3 адамға дейін қысқарту ұсынылып отыр.

Бұл түзету шағын және орта кәсіпорындарда кәсіподақтар жұмысын дамытуды көздейді.  

«Кәсіподақтар туралы» Заңның 8-бабына, «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңның 10-бабына және «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңның 19-бабына осындай түзетулер енгізу ұсынылады.

Екінші. Кәсiподақты мемлекеттiк тiркеу «ҚР Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi және филиалдар мен өкiлдiктердi есептік тiркеу заңнамасына» сәйкес жүзеге асырылады.

Қолданыстағы заңға сәйкес кәсіподақтар құрылтай съезі (конференция, жиналыс) құрылған күннен бастап екі айдан кешіктірілмей бастапқы тіркеуден өтеді.

Осыдан кейін кəсіподақтар бірлестіктеріне оларды тіркеген органға, өз мәртебесін растайтын құжаттардың көшірмелерін беру үшін алты ай уақыт ұсынылады.

Бұл жағдайда кәсіподақтардың, сондай-ақ ХЕҰ-ның ұсынымдарына сәйкес, заң жобасы «Кәсіподақтар туралы» Заңның 10-бабына өзгерістер енгізуді және екі сатылы процедураны алып тастауды ұсынады.  

Яғни Заңда көзделген кәсіподақтар қауымдастығына қойылатын талаптардың сақталуын ескере отырып, кәсіподақтарды мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттар бір рет қана ұсынылады.  

Сондай-ақ, Заң жобасына ұсынылып отырған бірқатар түзетулер ХЕҰ талаптарына да сәйкес ескерілді.

Тұтастай алғанда, кәсіподақтардың қызметі туралы заңнамаға негізгі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді және ХЕҰ «Ассоциация бостандығы және ұйымдастыру құқығын қорғаужөніндегі» №87 Конвенциясында белгіленген халықаралық еңбек нормаларын орындауға бағытталған.

Заң жобасын қабылдаған жағдайда теріс құқықтық және күрделі әлеуметтік-экономикалық салдар күтілмейді.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заң жобасы бойынша жұмысын жалғастыруды ұсынды.

28 ақпан, 2018 - 18:36 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші