X
egov

You are here

“Еңбек шартын жасаңыз” атты республикалық акция басталды

брифинг

Жұмысшыларды еңбек келсімшартынсыз немесе азаматтық-құқықтық сипаттағы келісім негізінде жұмысқа алу әлі күнге өзектілігін жоймаған мәселелер қатарында қалып отыр. Әдетте оның басты себебі жұмыс берушінің міндетті төлемдер мен салықтан жалтаруы.

Былтыр үй-үйді аралау кезінде зейнетақы жарналары мен салық төлемдерінсіз еңбек етіп жүрген бір миллионға тарта азамат анықталды.

Оған қоса соңғы екі жыл ішінде еңбек инспекторлары еңбек шартын жасамастан, жұмысшылардың қызметін пайдаланып отырған мыңнан астам кәсіпкердің әрекетін әшкереледі.  

Олардың дені құрылыс, сауда, қоғамдық тамақтану орындары мен ауыл шаруашылығы саласында еңбектенетіндер.

Республикалық акцияның мақсаты бейресми еңбек қатынастарына жол бермеу және оларды анықтау, еңбек қатынастарының жасырын түрлерін қысқарту, азаматтардың еңбек  саласындағы өз құқықтарынан хабардар болу деңгейін арттыру.

“Еңбек шартын жасаңыз” шарасының міндеттері:

1) еңбек қатынастарын формализациялау, бейресми еңбек қатыстарында тұрған азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйесіне тарту;

2) халықтың жұмыспен бейресми түрде қамтылу фактілеріне теріс көзқарасын қалыптастыру;

3) жұмыс берушілерге және өзін өзі жұмыспен қамтығандарға бару арқылы жұмыспен бейресми түрде қамту қатерлерін бағалау негізінде профилактикалық бақылау жүргізу жолымен, әкімшілік ден қою және бақылау шараларын  күшейту;

4) мемлекеттік органдардың, әлеуметтік  әріптестердің  қатысуымен медиа құралдары арқылы халық арасында ауқымды түсіндіру жұмысын  жүргізу.

«Еңбек      шартын     жасаңыз»  республикалық акциясын ұйымдастырушылар: Қазақстан   Республикасының   Еңбек  және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Атамекен» ҰКП, ҚР Кәсіподақтар федерациясы.

Шара аясында ақпараттық-насихат жұмыстарына БАҚ жұмылдырылады, сондай-ақ жұмыс берушілермен республикалық форум ұйымдастырылмақ.

«Еңбек      шартын     жасаңыз»       республикалық акциясы бір жыл бойы жалғасады.

1 наурыз, 2018 - 16:15 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші