Ауыл кәсіпкерлері жаңа серпінмен дамитын болады | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Ауыл кәсіпкерлері жаңа серпінмен дамитын болады

брифинг

Бұл туралы баспасөз барысында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев айтты.

Биылғы 5 - наурыздағы Президенттің жасаған мәлімдемесінде жарияланған бес әлеуметтік бастаманың ішінде – жаппай кәсіпкерлікті дамытуда шағын несиелендірудің көлемін кеңейту мәселесі айтылды.

Нақты айтқанда, Мемлекет Басшысы 2018 жылы қосымша 20 млрд теңге бөліп, жалпы микрокредиттеу көлемін 62 млрд. теңгеге жеткізуді тапсырды.

«Микрокредит беру бағдарламасы әсіресе ауылдық жерлерде, кәсіпкерлікті дамыту үшін маңызды, онда өз бизнесін ашқан азаматтар жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларының орындалуы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті қолдау Бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда. Осы бағдарлама арқылы 2017 жылы 7 227 шағын несиелер берілді» - деді баспасөз мәлхитаты барасысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев.

Берілген микрокредиттердің жалпы санының ішінде ауылдық жерлерде және шағын қалаларда шағын несиені алғандар қатары 6 791 адам болды. Сонымен қоса, кәсіпкерлердің 57% -дан астамы (стартап-жобалар) болды, өз бизнесін ашты.

«Бастау – Бизнес» жобасы шеңберінде 15 000 адам кәсіпкерлік дағдыларға оқытылып, 3 314 адам шағын несие алды.

Кредиттің қолжетімділігін кеңейту мақсатында кепілдендірілген несие беру механизмі енгізілді. 2017 жылы 420 кепілдемеге келісімшарт жасалды.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасының көмегімен 2017 жылы шағын және орта бизнес 3,6%-ға артты.

2018 жылы аталған бағдарламаны қаржыландыруға 87 млрд. теңге қарастырылған.

«Сонымен қатар, микрокредиттеуге 20 млрд. теңге бөлініп, оның 14 млрд. теңгесі ауылдық жерлерге бағытталатын болады. Бұдан басқа, микрокредиттерді беру лимиттері қала мен ауылдар үшін қайта сараланатын болады», - деп атап өтті вице-министр.

Бұл дегеніміз, қалаларда және ауылдық жерлерде якорлық кооперацияларға берідетін микрокредиттің орташа мөлшері 6,5 млн. теңгеден аспайды. Ал, ауылдық жерлердегі басқа да жобалар үшін бұл шағын несие көлемі 3,5 млн.  теңгеден аспайтын болады.

Еңбек вице-министрі Нұржан Әлтаевтың айтуынша, микрокредиттерді кеңейту 2018 жылы 14 мыңнан астам адамды несиелендіруге мүмкіндік береді. Сол арқылы қосымша жұмыс орындары құрылып, жұмыспен қамту шараларына шамамен 40 мың адам қатысатын болады.

7 наурыз, 2018 - 17:02 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші