«Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» бағдарламасын жүзеге асырудың жол картасы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

«Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» бағдарламасын жүзеге асырудың жол картасы

 Үкімет отырысы

Елбасының шағын несиені кеңейту жөніндегі төртінші әлеуметтік бастамасы - бұл халық табысының еселенуіне және әрбір қазақстандықтың өмір сапасының жақсартуына ықпал ететін Мемлекет басшысының зор қолдауы.

Бұл ретте Елбасы 2018 жылы қосымша 20 млрд. теңге бөліп, берілетін шағын несиенің жалпы көлемін 62 млрд. теңгеге жеткізуді тапсырды.

Аталған бастама кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, халықтың аз қамтылған санатының табысының артуына, сондай-ақ, өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты ресімдеуде күрделі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

Қазір шағын несие берудің 2017-2021 жылдарға арналған жоспары Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда.

2017 жылы бұл бағытқа 41,2 млрд. теңге қарастырылып, 7,2 мың шағын несие рәсімделді, оның ішінде 6,8 мыңы ауылдық жерлерде  берілді.

Ал, 2018 жылы халықты шағын несиелендіру бағдарламасына бюджеттен 42 млрд. теңге бөлінді.

Мемлекет Басшысының тапсырмасымен оны қаржыландыру 20 млрд. теңгеге артып, биыл шағын несиелендірудің жалпы көлемі  62 млрд. теңгені құрайтын болады.   

 «Бақытжан Әбдірұлы сіздің тапсырмаңызға сай, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы, Қаржы министрлігімен  және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, осы бастаманы іске асырудың нақты механизмдерін әзірледі.

Микрокредит беру бағдарламасын ауылдық жерлерде Ауыл шаруашылығы министрлігі, қалалар мен моноқалаларда - Ұлттық экономика министрлігі қадағалап, жүргізетін болады.» – деп атап өтті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова.

Президенттің төртінші бастамасы шеңберінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төмендегі тәсілдерді ұсынады:

  1. Қосымша қарастырылған 20 млрд. теңгеден ауылдар мен шағын қалалардағы шағын несиені қаржыландыруға 14 млрд. теңге бөлу ұсынылады. Осы қаражаттың 10 млрд. теңгесі ауыл шаруашылығының ірі өңдеуші кәсіпорындары арасындағы якорлық жобаларды жүзеге асыруға бағыттау;
  2. Барлық бөлінген қаражаттар негізінде үш жақты кредиттік келісімдерге уақтылы қол қою және шағын неселерді беруді бастау;
  3. Халықтың басым бөлігін шағын несиемен қамту үшін қалалар мен ауылдардың несиелік лимиттерін қайта қарау;
  4. Бүгінде шағын несиемен соңғы тұтынушыны қамтамасыз ету үшін барлық тетіктер қарастырылды. Сонымен, қалаларда және моноқалаларда екінші деңгейлі банктер арқылы микрокредиттер беріледі. Ал, ауылдық жерлерде ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры, сондай-ақ, кішігірім қаржы ұйымдары мен несие серіктестіктері арқылы жүзеге асырылады.

Бұдан басқа, бүгінгі күні бизнес жобаларды қорғау және микрокредиттерді алу үшін жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар алдымен «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша оқудан өту керек. Бұл ретте, биыл бөлінген қосымша қаражатты ескере отырып, осы мақсатқа кемінде 1,2 млрд теңге бөлу ұсынылады.

13 наурыз, 2018 - 12:48 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші