Министр Мәдина Әбілқасымова партия алаңында азаматтарды қабылдады | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Министр Мәдина Әбілқасымова партия алаңында азаматтарды қабылдады

қоғамдық қабылдау

«Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі ұйымдастырған шараның арқасында азаматтар көкейіндегі сұрағын министрге тікелей қоюға мүмкіндік алды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің қабылдауына 19 адам жазылды. Қабылдау Астанада өткенімен Мәдина Әбілқасымоваға азаматтар еліміздің әр аймағынан бейнебайланыс арқылы өз арыздарын жеткізді. Келелі кездесу барысында көтерілген мәселенің басым бөлігі мүгедектік санатын ауыстыруға, әлеуметтік көмекті алуға, жұмысқа орналасуға, еңбек дауына, тарихи отанына оралған қандастардың зейнетақы мөлшерін көтеруге және зейнет жасына қатысты болды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова әр азаматты жіті тыңдап, олардың арыз-шағымына байланысты өзімен бірге қабылдауға келген Комитет басшыларына тікелей тапсырма берді. Дәл қабылдау жүріп жатқан сәтте тұрғындардың айтқан мәселелелері арасында шешім тауып жатқаны да болды.  

Мысалы, министр Алматыдан арнайы жеке қабылдауға келген І топ мүгедегі Амантай Данияров жұмыс кезінде жарақат алған. Қазіргі күні мүгедектігі үшін әлеуметтік төлем алады, бірақ сақтандыру компаниясы қаржылай көмек көрсетуді тоқтатыпты. Себебін анықтаса, бұрынғы жұмыс орны сақтандыру компаниясына жарнаны аударуды қойыпты. Бүгінде арбаға танылған жан 80 жастағы әкесімен ғана тұрады екен. Осындай қиын жағдайға тап болған Амантай Данияров ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінен көмек сұрай келген. Өз кезегінде министр Мәдина Әбілқасымова Данияровтың мәселесін жеке өз бақылауында ұстайтынын жеткізді.    

«Сіздің мәселеңіз бойынша тиісті комитетке тексеру жүргізуді тапсырам. Жұмыс беруші неліктен сақтандыру компаниясына жарнаны аударуды қысқартқанын анықтаймыз. 26 наурыз сізге хабарласып, мәселеңіз бойынша нақты жауап береміз. Бұл мәселені жеке бақылауыма аламын» - деді Мәдина Әбілқасымова.

Сондай-ақ, қабылдау барысында балалар үйінің тәрбиеленушісі Нәзира Қонысбаеваның шағымы да жауапсыз қалмады. Жас маман дипломы бойынша жұмыс тауып беруді сұрап келіпті. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысына Нәзира Қонысбаеваның мәселесін қадағалап, тікелей шешіп беруді  тапсырды.

Қабылдауға келген барлық азаматтардың арыздарына Үкімет мүшесі заң аясында жауап беріп, әр мәселені бақылауына алатынын жеткізді.

14 наурыз, 2018 - 17:39 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші