Мемлекетаралық меморандумға қол қойылды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Мемлекетаралық меморандумға қол қойылды

 меморандумға қол қою

Тәжікстан Республикасы Президенті Эмомали Рахмонның елімізге ресми іс-сапары аясында ҚР Еңбек және халықты  әлеуметтік қорғау министрлігі мен Тәжікстанның Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арасында әлеуметтік салада ынтымақтастық орнату туралы Меморандумға қол қойылды.

Сондай-ақ еліміздің Еңбек министрлігі Тәжікстанның Еңбек, көші-қон және халықты жұмыспен қамту министрлігі халықты жұмыспен қамту саласында да ынтымақтастық орнатуға ниеттестік Меморандумын жасады.

Аталған құжаттарға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова, Тәжікстанның Еңбек, көші-қон және халықты жұмыспен қамту министрі Сумангул Тагойзода мен осы елдің Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрі Насим Олимзода қол қойды.

Келісім аясында еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік сала бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы екіжақты тәжірибе алмасу, сонымен қатар халықаралық ұйымдар мен мүдделі органдар қатысумен еңбек және халықты жұмыспен қамту саласында бірлескен жобаларды іске асыру көзделген.

Екі тарапқа да пайдасы мол кездесулер мен шаралар ұйымдастыру жоспарланған.

Құжаттар екі мемлекет заңдарының шеңберінде ынтымақтастық-серіктестік орнатуды қарастырады.

15 наурыз, 2018 - 14:31 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші