БҰҰ адам құқықтары жөніндегі Кеңесінің 37 сессиясына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова бастаған қазақстандық делегациясы қатысты | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

БҰҰ адам құқықтары жөніндегі Кеңесінің 37 сессиясына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова бастаған қазақстандық делегациясы қатысты

 Женеваға жұмыс сапары

Сессияның басты тақырыбы – Қазақстандағы  мүгедектер құқын қорғау мен оларды ынталандыру мәселесі.

2017 жылдың қыркүйегінде Қазақстанға жасаған арнайы іс-сапарының қорытындысын негізге ала отырып, еліміздегі мүгедектер құқығы мәселесі бойынша баяндамасын жариялаған БҰҰ-ның сарапшысы Каталина Девандас-Агилярмен бірге ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова да сөз алды.  

Құжатта Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалған жағдайға қатысты кешенді және жан-жақты сараптама қорытындысы көрсетілген. Атап айтсақ, еңбекпен қамту, инклюзивті білім беруді енгізу, таңдау құқығын жүзеге асыру мүмкіндігі, құқтық көмектің қолжетімділігі сынды өмірлік маңызды мәселелердің шешілу деңгейі айтылады. Сондай-ақ, еліміздегі мүгедектердің құқығы мен мүмкіндіктерін нығайту жолдарына қатысты сарапшы ұсынысы да көрсетілген.

БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы Қазақстан Үкіметіне ынтымақтастық танытқаны үшін алғысын білдірді. 2015 жылы ратификацияланған БҰҰ мүгедектер құқығы жөніндегі Конвенциясы міндеттерін орындауға мемлекетіміздің бейімділігі жыл санап артып келетіндігін атап өті.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова сарапшы баяндамасына қатысты ел Үкіметінің пікірін білдіріп, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қаматамасыз ету жолындағы (мемлекеттің) жоспарымен бөлісті.

Сол күні Қазақстанның Женевадағы тұрақты өкілдігі мен Каталина Девандас-Агиляр бірлескен шара өткізді. Онда БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне мүше мемлекеттер мен бақылаушыларға, халықаралық-үкіметаралық ұйымдар мен ҮЕҰ-на мүгедектер құқығы жөнінідегі Конвенция аясындағы міндеттерін орындаудағы Қазақстанның тиімді тәжірибесі таныстырылды. Аталмыш шарада БҰҰ Мүгедектер құқығы бойынша Комитетінің төрайымы Терезия Дегенер, Мүмкіндігі шектеулі жандардың халықаралық Альянсының адам құқықтары бойынша аға-кеңесшісі Силвия Кван мен Қазақстан Үкіметі жанындағы мүгедектер ісі бойынша Үйлестіру Кеңесінің мүшесі, «Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығы» ҚБ төрайымы Ләззат Қалтаева сөз сөйледі.

Шара мақсаты - мүгедектер құқығы жөнінідегі Конвенция аясындағы міндеттерін орындаудағы Қазақстанның тәжірибесін таныстыру.  

15 наурыз, 2018 - 16:38 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші