Қарағандыда МӘС кешенді қызметіне өтудің өзекті мәселелері талқыланды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Қарағандыда МӘС кешенді қызметіне өтудің өзекті мәселелері талқыланды

Медициналық және әлеуметтік сараптама

Мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл тәртібі қандай? Ақпараттық жүйелер қалай ықпалдасады? Қандай арналар арқылы ақпарат алмасады? Сыбайлас жемқорлықты қалай болдырмау керек? Сараптамалық пікір автоматты режимде қалай қалыптастырылады?

Осы және басқа да өзекті жағдайлар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова қатысқан«№1 Қарағанды» поликлиникасындағы жиында талқыланды.  Онда мүгедектік және еңбекке жарамсыздық мәселелері айтылды.  

Кездесу барысында медицина кадрларын даярлау мәселелері, ақпараттың толыққандылығы, сенімділігі мен өзектілігі, сондай-ақ оны пайдалану деңгейін бақылау, яғни ақпарат қауіпсіздігі мәселелері талқыланды.

Айта кетейік, Қарағанды облысында пилоттық тәртіпте медициналық және әлеуметтік сараптама жүргізу бойынша кешенді қызметке көшу, қызметтерді электронды түрде алуды қамтамасыз ету жағдайлары қаралатын болады.

20 наурыз, 2018 - 17:02 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші