Мүгедектердің құқығын қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін қалай шешуге болады? | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Мүгедектердің құқығын қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін қалай шешуге болады?

Сұхбаттасу алаңы

Бұл туралы 28 наурызда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық ұйымдастырған сұхбат алаңына қатысқандар айтты.

Жиынға мүгедектер қоғамдық бірлестіктерінің жетекшілері, орталық мемлекеттік орган өкілдері, сондай-ақ бейне байланыс арқылы бұл басқосуға мүгедектер мәселері жөніндегі облыс әкімдіктерінің кеңесшілері мен облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, білім беру, денсаулық сақтау және басқа да тиісті сала мамандары қатысты.

Кездесу барысында мүгедектердің құқықтарын қорғауға қатысты кең ауқымды тақырыптар қаралды. Жекелеп айтқанда, ұшақтар мен пойыздарда, әуежайларда және теміржол вокзалдарында қызмет көрсету тәртібі қозғалды. Сонымен бірге жарым жандар үшін инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуде шетелдердің тәжірибесін қолдану мәселесі айтылды.  Бұдан басқа, мүгедектерге медициналық қызметтер мен білім алуға, әсіресе жоғары білім алуға жағдай жасау кезінде туындайтын проблемалар да жиында қамтылды.

Бұл басқосу тек қана кері байланыс механизмін ғана емес, сондай-ақ орталық деңгейде ашық диалог түрінде пікір алмасуға және айтылған жұмыстарды іске асыру үшін ұсыныстар жасауға мүмкіндік туғызды.

 

29 наурыз, 2018 - 12:54 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші