X
egov

You are here

Қазақстан-Монғолия үкіметаралық комиссиясының хаттамасына қол қойылды

үкіметаралық келісім

Бүгін Астанада сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Моңғолия үкіметаралық комиссиясының жетінші отырысы өтті.

 Шараға Еліміздің тарапынан тең төраға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова, Монғолия тарапынан тең төраға осы елдің Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Соднамин Чинзориг, сонымен бірге қос елдің орталық мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.

Қазақстан мен Моңғолия тарихи тәжірибеге, мәдени-гуманитарлық байланыстарға бай, сондай-ақ салт-дәстүр жағынан да ұқсастықтар көп. Бұдан бөлек, Қазақстан мен Моңғолия арасында сенім мен өзара ортақ мүдделлі қағидалар жағынан да тұрақты конструктивті қарым-қатынастар орнатылды

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Моңғолия Қазақстанмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан алғашқы мемлекеттердің бірі болғанын ерекше атап өтті.

         Үкіметаралық комиссия отырысында тараптар сауда, экономика, инвестиция, кәсіпкерлік, жер қойнауын пайдалану, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, мәдениет, білім және ғылым, денсаулық сақтау, құқықтық базаны дамыту, халықты әлеуметтік қорғау бағытында ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылады.

«Біз моңғол тарапынан болған зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты жалғастыруды және осы жоба бойынша басталған тиісті үкіметаралық келісімді дайындау үдерісін биыл іске асыруды қолдаймыз», - деді Мәдина Әбілқасымова.

Кездесудің ресми бөлігінен кейін үкіметаралық комиссияның сарапшылары күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау және басым бағыттар бойынша Хаттаманың жобасын, бірқатар екіжақты кездесулерді аяқтау мақсатында өзара уағдаластық жүргізді.  

Атап айтқанда, еліміздің Инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов Моңғолияның тау-кен және ауыр өнеркәсібі министрі Долгорсурэн Сумияабазармен кездесіп, азаматтық авиация және минералдық ресурстар саласындағы екіжақты қарым-қатынастарды дамыту мәселелерін талқылады.

Тараптар пайдалы қазбалар саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, оның мақсаты геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың берік негізін құру болып табылады. Осының шеңберінде екі жақ тау-кен өнеркәсібі саласындағы білім, тәжірибе, технологиялармен алмасып, біліктілігі жоғары кадрларды даярлайтын болады.

Сондай-ақ, қымбат металдарды өңдеу саласындағы тәжірибе алмасу, нақты айтқанда, «Тау-Кен Алтын» шығаратын зауытта технологиялық үдерістермен танысу мәселелері талқыланды.

Бұдан бөлек, екі мемлекеттің уәкілетті органдары арасындағы азаматтық әуе кемелерімен жазатайым оқиғаларды тергеу және алдын-алу саласындағы ынтымақтастықты нығайту жөнінде келісімдерге қол қойылды.

«ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен Моңғолия азаматтық әуе кемесімен жазатайым оқиғаларды тергеу және алдын алу саласындағы қауіп-қатер оқиғаларын тергеу бюросы арасындағы өзара түсіністік туралы» меморандум аясында тараптар халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 13-қосымшасының стандарттарына және ұсынылған тәжірибелеріне сәйкес жазатайым оқиғаларды тергеу, ақпарат пен тәжірибе алмасу саласындағы ынтымақтастықты дамытуды көздеп отыр.

Кездесу қорытындысы бойынша сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдениет салалардағы әріптестік бойынша Қазақстан-Моңғолия үкіметаралық комиссиясының Хаттамасына қол қойылды.

Үкіметаралық комиссияның келесі 8-отырысы 2020 жылы Моңғолия астанасы Ұлан-Батор қаласында өтетін болады.   

29 наурыз, 2018 - 18:06 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші