ОҚО өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз жүрген 468 мыңнан астам азамат нәтижелі жұмысқа тартылады | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

ОҚО өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз жүрген 468 мыңнан астам азамат нәтижелі жұмысқа тартылады

Шымкенттегі жұмыс нәтижелерінің жиыны

Бұл жайында ОҚО үкімет мүшелерімен барған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың ОҚО-на жұмыс сапарының қорытындысында облыс активі және бизнес өкілдерінің қатысуымен жиын өтті. Күн тәртібінде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы, соның ішінде инвестиция тарту, шағын және орта бизнесті дамыту, индустрияландыру, технологиялық жаңғырту және 4.0 индустрияландыру элементтері, цифрландыру, жұмыс орындарын құру және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды ресімдеу мәселелері талқыланды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру»  жобасының негізгі көрсеткіштері туралы баяндады.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет Басшысының жаңа модель қалыптастыру жөніндегі міндеттерін іске асыру үшін Жобаны басқару енгізілді. Экономикалық дамудың барлық маңызды бағыттары бойынша жобалар портфелі құрылды.

«Жобаның негізгі көрсеткіштері: жұмыссыздық деңгейі биыл 4,9% -дан аспауы тиіс және бұл 2025 жылға қарай 4,8%  болады, сондай-ақ жоғары сапалы жұмыс орындарының саны 3,1% -ға артады және 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш  4,2% болады», - деді Еңбек министрі.

Жобада жаңа экономика үшін жаңа кадрларды қалыптастыру және жоспарлау, оларды даярлау сапасын жоғарылату, өндірістегі жұмысшылардың өнімділігін арттыру, еңбек ағынын басқарып, өнімді жұмыспен қамтамасыз ету және кәсіпкерлік салада өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздарды тарту жағдайы қарастырылып, 5 негізгі әлеуметтік бастамаға бағытталып отыр.

 Еңбек министрі Мадина Әбілқасымова 5 бастаманы іске асыруда көзделген «Нәтижелі жұмыспен қамту» аясында ОҚО аймақтық штабының жұмысын күшейтуді ұсынып, жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша биыл атқарылатын басты міндеттерге тоқталды.

2018 жылы аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін 87.1 млрд. теңге қарастырылған. Жеңілдетілген несие беру бағыттары күшйетіледі. Ол үшін тағы қосымша 20 млрд. теңге бөлінді. Осылайша, шағын несиелеудің жалпы көлемі 62.3 млрд. теңгеге артып, несие алушылар қатарының екі есеге көбеюіне мүмкіндік туып отыр (~14 мың адам)..  

Осы айтылған қаражаттың 2,7 млрд. теңгесі ОҚО бөлінеді.

Жалпы алғанда аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың 13,5 млдр. теңгесі, яғни 15,5%-ы осы облысқа тиесілі болады.

«Қысқа мерзімді оқыту кезінде әкімдіктер өңірдегі еңбек нарығының талабына сай мамандықтарды сапалы даярлауға ерекше көңіл бөлуі керек, осылайша жұмыс орындарын барынша қамтамасыз етуі тиіс», - деді министр.

Осы жылдан бастап бағдарламада 100 АЕК (240,5 мың теңге) мөлшерінде жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік субсидиялар қарастырылған. Оңтүстік Қазақстан бойынша осындай 182 грант бөлу жоспарлануда.

Кезек күттірмейтін тағы бір мәселе өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды ресімдеу.

«Жүргізілген үй-үйді аралау шаралары кезінде бейресми жұмыспен қамтылған 468,3 мың азамат анықталды. Ең алдымен осы санаттағы адамдарды жұмысқа тартып, оның ішінде микрокредиттеумен толық қамту керек және бұл жағдайда ауыл тұрғындарына айрықша көңіл бөлу қажет», - деді министр Әбілқасымова.

Сонымен қатар, бүгінгі күні бұл санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастыру шаралармен қамту көрсеткіші 0,7% болып отыр.

Ведомства басшысы азаматтарды қоныстандырудың оң динамикасын да атап өтті. 2016-2017 жылдары елдің оңтүстігінен солтүстік аймақтарға 595 отбасы (2366 адам), оның ішінде нақты ОҚО-нан 350 отбасы (58,8%) (1418 адам) қоныс аударды.

Айта кету керек, биылғы жылы азаматтарды ерікті түрде қоныс аударуға ынталандыру бойынша қосымша шаралар енгізілетін болады. Атап айтқанда, жұмыс берушілер өз есебінен субсидия бөліп, қайта қоныстанушыларды тұрақты жұмысқа орналастыруға дайын.

Екіншіден, қоныс аударғандар барған аймақтарда «Бастау-Бизнес» бойынша немесе бизнес-негіздері курсын оқығаны туралы куәлігі бар тұлғалар жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 100 АЕК-ке (240 500 теңге) гранттарды алуға мүмкіндік алады, бұл ҰКП-ның оң қорытындыларына байланысты жүзеге асатын болады.

Жалпы алғанда, 2018 жылы жұмыс күші мол аймақтардан 2 328 отбасын (9 350 адам) көшіру жоспарлануда.

 

 

 

30 наурыз, 2018 - 17:18 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші