X
egov

You are here

Жұмыспен қамту және көші-қон туралы заңға енгізілген өзгертулерге қатысты баспасөз-мәслихаты өтті

ҚР ЕХӘҚМ баспасөз мәслихаты

Жиынға Вице-министр Нұржан Әлтаев қатысып, баяндама жасады. Вице-министрдің айтуынша, жаңа құжатта Электрондық еңбек биржасы арқылы жұмыс берушілер мен жұмыссыздардың Халықты жұмыспен қамту орталықтарымен байланысы және жұмыспен қамтудың жеке агенттіктері арасындағы қарым-қатынас бекітілген. Бұл өз кезегінде, халыққа бос орындар мен резюме жөніндегі ақпараттың қолжетіділігін арттырады. Сондай-ақ, жұмыс іздеу мен кадр іріктеу рәсімін жеңілдетеді.

«Бұған қоса, заң жобасы жұмысқа орналастырушы жеке агенттіктерге азаматтарды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді.  Осы мақсатта «халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтер аутсорсингі» деген ұғым енгізіледі.  Бастапқы кезеңде, аутсорсингке жұмыссыздарға кәсіптік бағдар беру және жұмысқа орналастыру бойынша қызметтерді беру ұсынылады. Бұл биыл 60 мыңдай адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Нұржан Әлтаев.

Заң жобасында қаралатын екінші маңызды бағыт - халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің құралдарын жетілдіру.  Яғни құжат қабылданғаннан кейін, жұмыс іздеушілер жұмыспен қамту орталығы мен «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ғана емес, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы да жүгіне алады. Сондай-ақ, азаматтар Орталықпен (жеке агенттіктер) ұсынылған жұмыс орнына қатысты өз шешімін үш күн ішінде ғаламтор немесе ұялы телефон арқылы хабарлау мүмкіндігіне ие болады.

 Заң жобасының үшінші бөлігі Президенттің Жарлығын жүзеге асыруға бағытталған. Көші-қон саласындағы функциялардың аражігін ажырату мен оралман мәртебесіне қатысты өзгерістер ұсынылады. Сондай-ақ, «қоныс аударушылар мен олардың отбасы мүшелері» ғана емес, енді  «қоныс аударушылардың» жеке басын оның ішінде некеде тұрмаған азаматтарды да мемлекеттік қолдау шараларымен қамтып, өңірлік квотаға енгізу қарастырылуда. Оған қоса, депутаттар тарапынан  Қазақстан азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алу үшін ғана, оралман статусын үш айдан аспайтын мерзімге ұзартуға мүмкіндік жасау туралы ұсыныс берілді. 

ҚР Парламенті Сенатының депутаттарымен мақұлданған  заң жобасы халықты жұмыспен қамту саласындағы шараларды жетілдіріп, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсартуға септігін тигізеді.

5 сәуір, 2018 - 09:53 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші