Еңбек министрі Мадина Әбілқасымова Атырау облысының жастарымен кездесуінде еңбек нарығын жаңғырту туралы сөз етті | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Еңбек министрі Мадина Әбілқасымова Атырау облысының жастарымен кездесуінде еңбек нарығын жаңғырту туралы сөз етті

Студенттермен кездесу

Еліміздің Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Атырау облысына жұмыс сапары кезінде жергілікті студенттермен, студенттік ұйым көш басшыларымен, орта және жоғарғы оқу орындары жетекшілерімен кездесті.

Кездесу барысында жастар мен әлеуметтік саясаттың өзекті мәселелерін талқылады.

Бақытжан Сағынтаев болашақтағы мамандықтар бойынша кадрларды даярлау және қайта даярлаудың маңыздылығын, техникалық мамандықтар бойынша гранттарды кеңейту, еңбек нарығында өзгерістерді және цифрландыру мен автоматтандыруды кеңінен ескере отырып, қажетті дағдыларды үйренуді атап өтті.

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, Президенттің Бес әлеуметтік бастамасын іске асыруда Үкімет жол картасын қабылдады. Бұл студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуге,  бүгінгі күні сұранысқа ие техникалық бағыттағы мамандарды дайындау мәселелеріне шешуге түбегейлі мүмкіндік береді. Қабылданған Жол картасының алғашқы нәтижелері осы жылдың екінші жартысында белгілі болады. 

Ал, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М.Әбілқасымова еңбек нарығының инфрақұрылымын жаңғырту және техникалық мамандықтарды дайындау жайында баяндады.

Министрдің айтуынша, жаңа технологияларды енгізу нәтижесінде әлемдік еңбек нарығында айтарлықтай өзгерістер болуда.

2035 жылға қарай өндірістік процестердің 1/3 бөлігі автоматтандырылады деп күтілуде. Бұл жұмыс орындарының 3/4-не айтарлықтай ықпал етеді.

«Бүгінде болашақ экономикаға болжам жасау күрделі, ол еңбек нарығына қандай әсер етеді? Сондықтан, экономиканың жаңа қырларын ескере отырып, өндірістің алдағы дамуы мен қандай мамандықтарға сұраныс көптігін болжау қажет. Біз болашақта қай мамандықтарға сұраныс барын және қай мамандықтар нарықтан тысқары қалып қоятындығын білуіміз керек», - деді министр Мәдина Әбілқасымова.

Осының негізде 2030 жылға дейін жаңа мамандықтардың Атласы жасалады, ол жастар үшін білім беру мазмұнын жаңартуға жоспарланған навигатор болады.

Министрдің айтуынша, білім беру мен тәрбиелеудің барлық циклі Төртінші индустриалды революция аясында балаларды дамуынан бастап жоғары білім жүйесіне дейін бейімдеу талап етіледі.

Университеттер мен колледж студенттерін тек оқытып қана қоймай, сонымен қатар түлектердің жұмысқа орналасуымен де айналысуы керек. Бұған оқу орындарындағы мансаптық орталықтардың жұмысы арқылы қол жеткізуге болады.

Егер Білім министрлігі ТжКБ-ді жоғары оқу орындары мен ұйымдарында жүргізсе, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өз кезегінде еңбек нарығының ағымдағы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қысқа мерзімді оқыту курстарын ұйымдастырады.

Сонымен бірге, министр Мәдина Әбілқасымова бұл мәселеде бизнестің маңызды рөлі барын атап өтті.

«Дайындық процесі кәсіпкерлікке және білім беру бағдарламаларына қойылатын талаптарды қалыптастырудан бастап, түлектерді аттестациялауға дейінгі бизнестің барлық кезеңдеріне қатысуын талап етеді. Ол үшін толыққанды дуалды оқытуды енгізу және құзыретті орталықтар құру жоспарлануда», - деді министр.

Өз кезегінде, мемлекет босаған немесе белсенді жұмыскерлерді дамытуға және оқытуға қаржы бөлетін кәсіпорындарға қолдау көрсету шараларын әзірлейді.

Президенттің Әлеуметтік Бастамасының төртінші бағыты туралы айтқан министр, оны жүзеге асыруда Атырау облысында қосымша 889 млн. теңге бөлінгенін атап өтті. Бұл 300-ден астам адам, яғни ауылдық жерлерде микрокредиттерді алушылар санының ұлғаюына мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, кәсіпкерлік дағдыларын жақсарту үшін 1325 адам тегін оқуға жіберілетін болады.

Жалпы, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде Атырау облысында 2,3 млрд. теңге бөлініп, 8 мыңнан астам адамды қамту жоспарлануда. Ал, басқа да мемлекеттік бағдарламаларды ескергенде оған 28 мыңнан астам адам қатысады.  

Жалпы алғанда бұл шаралармен жұмысқа орналастыру, тегін курстарға жіберу, субсидияланатын жұмыс орындары және ақылы жастар тәжірибесі қамтылады.

 

16 сәуір, 2018 - 12:29 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші