X
egov

You are here

20 сәуірден бастап «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауы жарияланды

Үздік әлеуметтік жобалар, Еңбекмині

Байқаудың мақсаты өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, өзекті әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған бастамашыл әлеуметтік жобаларға қолдау көрсету болып табылады.

Байқауды ұйымдастырушылар: «Нұр Отан» партиясы, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі,
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, қала және аудан әкімдіктері, сонымен бірге бизнес қауымдастығы.

Байқау шарттарымен «Нұр Отан» партиясының www.nurotan.kz және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz, облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің, сондай-ақ жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының ресми сайттарында танысуға болады.

Байқау жеңімпаздарына жобаларды іске асыру үшін ақшалай сертификаттар беріледі.

Байқауға қатысуға өтінімдерді 2018 жылғы 30 маусымға дейін облыстық, Алматы, Астана қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары және бөлімдері қабылдайды.

20 сәуір, 2018 - 16:07 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші