X
egov

You are here

Еңбек министрі Астана қалалық жұмыспен қамту орталығының қызметімен танысты

Жұмыспен қамту орталығының қызметімен танысу

Қазіргі кезде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, трансформациялау бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Бұл жекелеген жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне бағдар беру, жаңа үміткерлерді жұмысқа орналастырудың мақсатты көзқарастарын қаржыландыруға бағытталған.

Астана қаласының жұмыспен қамту орталығына барған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова алдымен жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің іске асырылу барысымен танысып, аутсорсинг қызметтерін жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен бірге әзірлеуді тапсырды. Сонымен бірге «Жұмыспен қамту туралы» Заңға енгізілген түзетулерге байланысты мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізу, соның ішінде халықты микрокредиттеуді кеңінен қамтуды арттыру мәселесі де тыс қалмады. .

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 16 сәуірінде Жұмыспен қамту орталықтарын  реформалау және барлық бос орындарға, елді мекендерге арналған бірыңғай онлайн-платформа құру туралы заң қабылданған болатын.

Еңбек нарығының инфрақұрылымын жаңғырту шеңберінде жұмыссыз азаматтарды  жұмысқа орналастыруда жеке жұмыспен қамту агенттіктерін тарту көзделген.

Осы мақсатта «халықты жұмыспен қамту саласындағы аутсорсинг қызметтері» тұжырымдамасы енгізілді. Аутсорсинг келісімі негізінде жұмыспен қамту қызметтерін жеке жұмысқа орналастыру агенттіктеріне беру. Бұл шамамен 60 мың адамның жұмыспен қамтылуына мүмкіндік береді.

Жыл басынан бері Астана қалалық жұмыспен қамту орталығына 5800-ден астам адам келіп, олардың 1000-нан астамы жұмысқа орналасты. Ал, enbek.kz порталына Астана қаласында 2100-ден астам жұмыс берушілер тіркеліп, 5800 бос жұмыс орны көрсетілген.  

23 сәуір, 2018 - 09:54 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші