X
egov

You are here

«KIOSH 2018» еңбекті қорғау жөніндегі халықаралық көрменің ресми ашылуы өтті

 КИОШ кормесі

Салтанатты шараға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова қатысты.

8-інші Халықаралық Конференция мен «KIOSH 2018» еңбекті қорғау және өнеркәсіп қауіпсіздігі көрмесі 28-сәуір Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні қарсаңына орай екі күн қатарынан болады.  

KIOSH - G2B (Government to Business) және B2B (Business to Business) форматында жоғары мемлекеттік және бизнес деңгейінде еңбек қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мәселелер талқыланатын орталықтандырылған, тиімді диалог алаңы.

Биылғы конференцияның басты тақырыбы - «ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК: ДИГИТАЛИЗАЦИЯ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ».

Конференция жұмысын ресми ашып берген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова өндірістегі жарақаттарға қатысты статистикалық мәлдіметтерге тоқталды.

 «Жыл сайын өндірісте 1,5 мыңнан астам адам әртүрлі жарақат алып, 250-ге жуық адам көз жұмады. 2017 жылы 370 мың жұмысшы немесе әрбір төртінші еңбеккер зиянды және қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істеді. Бүгінгі таңда еліміздегі 1700-ден астам ірі кәсіпорын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі (OHSAS 18001, МОТ-СУОТ) стандарттарын енгізді. Мемлекет, әлеуметтік әріптестер мен жұмыс берушілердің бірігіп қабылдаған шаралар нәтижесінде жұмысшылардың өндірістік жарақат алуы оң динамикамен байқалады. Соңғы бес жылда өндірістегі зардап шеккендер қатары 16% -ға, жазатайым жағдайда қаза болғандар саны 19% -ға төмендеді.» - деп атап өтті Еңбек министрі Мәдина Әбілқасымова.

Екі күндік конференцияда кәсіпорындарда өндірістік жарақат алуды қысқартуға бағытталған мемлекеттік органдар, кәсіпорындар мен қоғамдық ұйымдардың күш-жігерлерін біріктіру, өндіріс орындарындағы апаттар қаупін азайту мәселелері талқыланады. Сондай-ақ, қоршаған ортаға және қоғамға залал келтіретін, кәсіби ауруларды болдырмауға, өнімділікті арттыруға бағытталған мәселелер жан-жақты қаралатын болады.  

Қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау және кәсіби жарақат алуды азайту Үкіметтің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басты міндеттерінің бірі болып табылады.

ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Ақмәди Сарбасовтың айтуынша, 2018-2020 жылдарға арналған республикалық жұмысшылар мен республикалық жұмыс берушілер бірлестіктерімен жаңа бас келісім жасалып, онда еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өндірістік жарақаттануды азайту шаралары қарастырылған.

 «Біздің басты міндетіміз – өндірістегі жарақаттанудың алдын алу үшін Қазақстанда ең заманауи, жаңа технологияларды барынша қолдануға тырысамыз. Оң  шешімдер мен  бағдарламаларды таңдап, ірі компанияларға ұсынамыз. Олар өз кезегінде цифрлық шешімдерді инвестициялайды, бір жағынан қаражат үнемдейді, ал екінші жағынан, жұмыс істейтін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және мұндай шешімдер бар» - деді Ақмәди Сарбасов.

Конференция барысында Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясының бірінші вице-президенті Біржан Нұрымбетов, «Атамекен» ҰКП Төрағасының орынбасары Олжас Қаржаупов,  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) тұрақты өкілі Олег Честнов, Роструд басшысының орынбасары және Халықаралық еңбек инспекторлары қауымдастығының (IAIT) вице-президенті Иван Шкловец, Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша ХЕҰ Бюросының қызметкері Александрия Гоча баяндамалар жасады.

Көрмеде Қазақстан, Қытай, Ресей, Түркия елдерінен 38 компания жеке қорғану құралдарын, тоқыма бұйымдарын, жабдықтарды қойып, оңалту және профилактика өнімдерін өндірушілер мен жеткізушілер, оқу компаниялары, орталықтар қызметі көрсетілген.

Айта кету керек, әр жылда өтіп келе жатқан бұл көрмеге бүгінге дейін алыс және жақын шетелдерден 10 мемлекеттен 400 компания қатысқан. Көрмеге 10 мыңдай адам келген.  

26 сәуір, 2018 - 17:05 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші