X
egov

You are here

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылданғанына 15 жыл

әлеуметтік сақтандыру 15 жыл

 «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңының қабылдануымен Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғаудыңқосымша түрі ретіндеміндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілді

Заң әлеуметтік қатерлер туған жағдайда жұмыс істейтін азаматтарды қамтамасыз ету үшін мемлекет қабылдайтын шаралардың кепілі болып табылады. 

Заңмен белгіленген принциптерге сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі тұрақты жұмыс істеп келеді. Оған қатысудың міндеттілігі, әлеуметтік аударымдардың тек әлеуметтік төлемдерге жұмсалуы, сонымен қатар әлеуметтік төлемдердің табысқа және әлеуметтік аударымдардың төлену ұзақтығына байланысты сараланып есептелуі жатады.

Жұмыс істейтін азаматтардың еңбек ету қабілетінен, жұмысынан, асыраушысынан айырылуы, жүктілігіне және босануына және 1 жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдер алуға барлық құқықтары Заңмен айқындалған.

Әлеуметтік аударымдарды шоғырландыру мен әлеуметтік төлемдерді төлеуді жүзеге асыратын Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің операторы болып табылады.

Әлеуметтік аударымдар 3,5% мөлшерлемемен төленеді. Ол жұмыскерлердің еңбек ақысынан ұсталмайды, жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен аударылады.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі жұмыс жасаған уақыттан бері 950 млрд.теңгеге әлеуметтік төлем төленді. 3 905 697 адам әлеуметтік төлем алды.

25 сәуір, 2018 - 17:12 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші