X
egov

You are here

2018 жылы жұмыспен қамту бағдарламасы аясында 400 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасады

жұмыспен қамту

2018 жылдың бірінші тоқсанында Жұмыспен қамту бағдарламасын іске асырудың қорытындылары туралы өткен баспасөз мәслихатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаменті директорының орынбасары Ерболат Абулхатин мәлімдеді.

Жұмыссыздық деңгейі – еңбек нарығының негізгі индикаторы. Бұл көрсеткіш еңбекке жарамды халықтың қаншасы жұмыспен қамтылғанын анықтайды.

Жұмыссыздықтың күшеюіне жол бермеу үшін жергілікті атқарушы органдармен Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы іске асырылып жатыр. 2018 жылға 106,9 млрд теңге қарастырылған. Оның 66,3 млрд-ы республикалық бюджеттен және 40,6 млрд-ы жалпы сипаттағы трансферттер түрінде.

2018 жылдың 1 сәуіріндегі деректер бойынша Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасымен 111 мың адам қамтылған. Олардың 71,9 мыңы, яғни 64,6 % жұмыссыз. 4,4 мың адам, яғни 4% өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.

Бірінші бағыт техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімдік оқумен қаматамасыз ету.

Бағдарламаның осы бағытымен былтырдан бері 20 170 адам оқып жатыр. Олардың барлығы шәкіртақымен, күнделікті бір реттік ыстық тамақпен және жолақымен қамтылған.

Биыл I тоқсанының қорытындысы бойынша 9 мыңнан астам адам еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды игеру үшін қысқа мерзімдік кәсіптік оқуға жіберілді. 2018 жылы 36 мың адамды қамту жоспарланған.

Екінші бағыт жаппай кәсіпкерлікті дамытуды көздейді.

Өткен мерзім ішінде 218 шағын несие берілді. 2018 жылдың соңына дейін тағы 4 064 несие беру жоспарланған.

«Бастау-Бизнес» жобасы аясында өз кәсібін бастаған адамдарға кәсіпкерлік негіздері үйретіліп жатыр. 2018 жылы аталған жобамен 30 000 адамды қамту жоспарланған.

Үшінші бағыт халықты жұмыспен қамтып, еңбек ресурстарының мобильділігін пайдалана отырып, еңбек нарығын дамытуды қарастырады.

2018 жылдың 1 сәуіріне дейін 45 мыңнан астам адам еңбек нарығында “пайда болған” бос орындарындарға жұмысқа тұрды. Бұдан бөлек, 13 мың адам немесе 77,2% әлеуметтік қызметке орналастырылды. Жыл соңына дейін Бағдарламаның осы бағыты 16 мыңнан астам адамды қамтиды.

Жастар практикасына шамамен 9 мың адам тартылды. Бұл - жоспардың 43,7%. Биыл 20 мыңнан астам жас маман жастар практикасы аясында жұмысқа орналастырылады.

Сонымен қатар қоғамдық жұмыстарға 30 мыңдай адам тартылмақ. Бұл бойынша биыл 73 мыңнан астам адамды қамту қарастырылған.

Үстіміздегі жылы 2 мыңға тарта отбасы мен 600-ден астам оралман отбасыны қоныстандыруға квота қарастырылып жатыр. Есептік мерзім ішінде мамандарға мұқтаж аймақтарға 155 отбасы көшірілген. Бұл - шамамен 600-ден астам адам.

Бұдан бөлек 2018 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша республикада 55 617 жұмыс орны ашылды, олардың 47 873 – тұрақты жұмыс орындары.

Өзге аймақтардың ішінде Атырау облысы (8 618) мен Алматы қаласында (7 607) көп жұмыс орны ашылған.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 - 2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасы ҚР Үкіметі 2016 жылдың 29 желтоқсанындағы Қаулысымен бекітілген еді.

25 сәуір, 2018 - 16:32 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші