Қостанайға барған сенаторлар өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты формализациялау мәселесін талқылады | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Қостанайға барған сенаторлар өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты формализациялау мәселесін талқылады

Қостанайдағы отырыс

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың қызметін заңдастыру жөніндегі Жол картасын іске асыру мәселелері бойынша Қостанай облысында ҚР Парламенті Сенатының көшпелі отырысы өтті.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаевтың айтуынша, Жол картасын іске асыру үш бағыт бойынша жүргізіледі. «Алдымен, халықтың жұмыс статусын нақтылау шаралары қолға алынды.

Жыл басынан бері мемлекеттік органдардың дерек қорындағы 2,7 млн азаматтың жұмыс статусы анықталмаған. Бүгінде 607 мың адамның статусы нақтыланды. Оның ішінде 193 мың жұмыскер еңбек шартын жасап, міндетті зейнетақы жарналарын аударды.

Сондай-ақ, 12 мың кәсіпкер өздерінің қызметтерін тіркесе, 36 мың адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына тартылды. Екінші бағыт халықтың жұмыспен қамтылуын заңдастыру бойынша жүреді. Сондай-ақ, өңірлерден құрылған штабтар өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды нәтижелі жұмысқа орналастыру бағытында жұмыс істейді», - деді вице-министр. Ресми статистика бойынша елімізде 400 мыңнан астам жұмыссыз бар.

Нұржан Әлтаевтың сөзінше, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды жұмыссыз деп есептеуге болмайды. «Жалпы, бізде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар жұмыссыздар қатарына жатқызылады деген теріс түсінік қалыптасқан. Шын мәнінде бұлай емес. Олардың көбі - өздерін-өздері жұмыспен қамтыған, бизнеспен, кәсіпкерлікпен айналысатын жағдайы жақсы адамдар. Бірақ, әрине, олардың ішінде де тұрақты табысы жоқ адамдар бар. Мұндай топты тиімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтығандар деуге болады», - деді Н.Әлтаев.

Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев айтқандай, тұрғындардың жұмыс статусын нақтылау жөніндегі өңірлік штаб құрылды және жол картасы бекітілді. Сонымен қатар, еңбек өнімділігін арттыру және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша биыл облысқа 5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. 2018 жылы Қостанай облысында 66,2 мың адамның жұмыс статусы нақтыланбаған. Оның 32 мыңы Қостанай қаласына тиесілі. Ал Рудный қаласында 13 мың адам кәсібін растайтын құжатқа ие емес. Биылғы кешенді жоспар бойынша 22,4 мың адамды қамту жоспарланған. 

inform.kz ақпарат агенттігінен алынды.

25 сәуір, 2018 - 18:45 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші