X
egov

You are here

Қарағанды облысында студенттермен кездескен Б. Сағынтаев жаңа экономикаға қажет мамандар даярлау туралы талқылады

Қарағандыға жұмыс сапар

Кездесуде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова еңбек нарығының инфрақұрылымын жаңғырту аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапарында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев облыстың ЖОО-ы мен колледж студенттерімен, студенттік ұйым басшыларымен, ректор және колледж директорларымен кездесті.

Жиында Мемлекет Басшысының Жолдауында жаңа экономика үшін кадрлар даярлау, білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, студенттік жастардың өмір сүру жағдайларын жақсарту мәселелері мен «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» талқыланды.

Б. Сағынтаев кездесуді аша отырып, әр өңірге жұмыс сапарлары барысында міндетті түрде жұмыс істейтін жастармен және студенттермен кездесетінін айтып өтті. Қарағанды өңірінің студенттері әрқашан жаңа идеялар ұсынумен және зияткерлік құндылықтарымен ерекшеленеді.

Бақытжан Сағынтаев «Президенттің бес бастамасын» жүзеге асыру үшін Үкімет нақты іс-шараларды және іске асыру мерзімдерін қамтитын Жол картасын қабылдағанын айтты. Елдегі барлық өңірлерде әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға қатысты жұмыстар басталды. Алға қойылған тапсырмаларды орындау бойынша барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Б. Сағынтаев қазіргі кезде Үкімет еңбек нарығының инфрақұрылымын жаңғырту бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова аталған жұмыс туралы толығырақ баяндады.

«Экономикалық өсудің жаңа моделі, ең алдымен білім беру жүйесінде жаңа тәсілдерді талап етеді. Экономиканың жаңа салалары үшін білім беру мен оқыту жүйесін жаңғырту қажет. Білім беру реформалары жаңа экономиканың қажеттіліктеріне негізделуі тиіс - болашақ сұраныс пен мамандар арасында тығыз байланыс болу керек» - деп атап өтті министр М. Әбілқасымова.  

Сонымен қатар, ведомство басшысы, егер адам өмір бойы ізденісте жүріп, тиісті біліктілікті сақтай алса нарықта бәсекеге қабілетті болып қала беретіндігін ерекше айтты.

Осы міндеттерді орындау үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жобалық кеңсені құрды, онда жобалық тәсіл негізінде Білім беру министрлігімен және мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, бес бастаманы іске асырылады, оның алғашқы бастамасы Ұлттық болжам жүйесін құру.

Екінші бастама Білім және ғылым министрлігімен жаңа экономика үшін кадрларды даярлау және қайта даярлау бойынша бірлескен жұмыстар атқарылады.

Үшінші бастама экономиканың перспективалы секторларында еңбек ресурстарының ағынын басқаруды көздейді.

Төртінші бастама нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыруға бағытталған.

Бақытжан Сағынтаев жиында шетелдік инвесторлардың өңірлерде салып жатқан жаңа кәсіпорындарына қажетті мамандарды дайындаудың маңыздылығына назар аударып, техникалық мамандықтарға деген сұранысты зерделеу үшін ЖОО-лар мен колледждерге осы өндірістердің ационерлерімен байланыс орнатуды қажеттігіне көңіл аударды.

Премьер-Министр мысал ретінде мұнай-газ секторына мамандарды дайындайтын Атырау облысындағы колледждердің бірінің табысты тәжірибесін атап өтті. Осыған байланысты Б. Сағынтаев Қазақстанның барлық облысында осындай колледждерді ашу жөніндегі Үкіметтің шешімі туралы айтып берді.

Тақырыпты жалғастыра келе, Бақытжан Сағынтаев әрбір өңірде студенттерді дайындап жатқан техникалық мамандықтардың арақатынасы қажеттіліктерге сай келуі тиіс екенін атап өтті. Еңбек нарығын үнемі зерделеу қажет, студенттерге оқулары аяқталғаннан кейін жұмысқа орналасу үшін бос орындар туралы ақпарат беріп отыру керек.

Мәселені талқылау қорытындысы бойынша Премьер-Министр министрлерге, облыс әкіміне барлық қозғалған мәселелерді бақылауға алуды тапсырды.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың Қарағанды облысына жұмыс сапары «Сарыарқа» АЭА аумағында Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша облыс активімен, ірі және шағын бизнес өкілдерімен өткен кездесумен аяқталды.

Қарағанды — еліміздің ең ірі өндірістік орталығы. Өңірдің ЖӨӨ құрылымында өнеркәсіп үлесі 50% құрайды. Өңірдегі көптеген өзекті мәселелерді, Президенттің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын іске асыру барысын қарап, облысты дамытудың бүгінгі және келешектегі бағдарларын анықтау қажет. Бірлесіп экономикалық өсім, кәсіпкерлікті дамыту және басқа да мәселелерді талқылау керек.  

Сонымен бірге жаппай цифрландыру кадр әлеуетінің бейімделуін, сондай-ақ жұмыстан босатылған адамдарды еңбекпен қамту шараларын қабылдауды талап етеді. Бір жыл ішінде облыс экономикасының барлық салаларында шамамен 10 мың жаңа жұмыс орнын, оның ішінде 6 мыңын тұрақты жұмыс орны ретінде ашу көзделген. Бұдан өзге, 104 мың адам компьютерлік сауаттылыққа оқытылады, бұл халықты тұрмыстық және әлеуметтік салаларда цифрландыруды енгізуге дайындайды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М.Әбілқасымова жұмыс орындарын құру, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай  кəсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру туралы баяндады.

Еңбек министрінің айтуынша, 2017 жылы Қазақстанның ірі және орта кәсіпорындарында 1 млн. 590 мың жұмыс орны бар, оның ішінде Қарағанды облысында 142 мың (8,9%).

 2018 жылы жоғары өнімді жұмыс орындарының саны өткен жылмен салыстырғанда 3,2 мыңға немесе 2,3% -ға өседі.

«Осыған байланысты, аймақтық штаб қандай секторларда және қандай нақты жобалар жұмыс істейтін болады, онда босату орындары және еңбек ресурстарын беру үшін қандай шаралар қабылданатындығын анықтау қажет». -деп атап өтті М. Әбілқасымова.

Бүгінгі таңда 120 мың адам жұмыс істейтін 67 кәсіпорынмен басқарылатын еңбек ресурстары бойынша Жол карталары құрылады. Тұтастай алғанда, бұл кәсіпорындар тау-кен өндірісі, өңдеу, сауда, тасымалдау болып табылады.

Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасының қолданыстағы құралдары мемлекет тарапынан оқу шығындарын70%-ға дейін қаржыландыруын көздейді.

Өңірлік штабта кәсіпорындармен бірлесіп оқытуды қаржыландыру тетіктерін анықтау қажет.

Жалпы алғанда нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай ксәпікерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде Қарағанды облысына биыл 7,5 млрд. теңге бөлінді. Осы бағыттағы жұмыстардың барлық шараларымен 52 мың адамды қамту жоспарланып отыр.

Өңірлік штаб бағдарламаға қатысушылар үшін мақсатты жұмыстар жүргізіп, үй-үйді аралау кезінде мәртебесі анықталған тұлғаларды қамтамасыз ету қажет.

26 сәуір, 2018 - 17:56 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші