Бүгінде Қазақстанда Чернобыль АЭС апаты салдарын жоюға қатысқан 18 мыңнан астам адам өмір сүреді | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Бүгінде Қазақстанда Чернобыль АЭС апаты салдарын жоюға қатысқан 18 мыңнан астам адам өмір сүреді

Чернобыль - әлеуметтік қолдаудың шешімдері

Осы санаттағы азаматтарға әлеуметтік кепілдік беру мәселесі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» ҚР Заңымен реттелген.

1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-да болған апат зардаптарын жоюға қатысқан азаматтар жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынау салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ, ата-аналарының радиациялық сәуле алуы салдарынан мүгедек болып қалған, адамдар санатына жатқызылады.

Жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен соғысқа қатысқан және мүгедектікке ңестiрiлген адамдарға бiрiншi кезекте тұрғын үймен қамтамасыз ету, байланыс қызметтерiнiң барлық түрiн кезектен тыс пайдалану, амбулаторлық-емхана мекемелерiнiң қызметiн артығымен пайдаланады және ауруханаға кезектен тыс жатқызылады. Сонымен бірге бiлiктi медициналық көмек, салық салу жеңiлдiктерi және басқа да әлеуметтік кепілдіктер көзделген.

Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға мемлекеттік бюджет есебінен санаторлы курорттық емделу, сурдо құралдар мен көмектер, тифло құралдар, мүгедектік кресло-коляскалар, міндетті гигиеналық құралдар, протездеу және протезді ортопедиялық құралдар бойынша қызметтер көрсетіледі.

Әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуді күшейту мақсатында бұрын берілген заттай жеңілдіктердің орнына басқа әлеуметтік төлемдерге қарамастан соғысқа қатысушыларға теңестірілгендерге – 6,19 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) немесе 14 887 теңг, соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдарға – 7,55 АЕК немесе 18 158 теңге мөлшерінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.

Чернобыль АЭС-iнде болған апат, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына – 4,59 АЕК немесе 11 039 теңге беріледі.

27 сәуір, 2018 - 12:41 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші