2018 жылдың І тоқсанында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры 43,7 млрд. теңге әлеуметтік төлем жасады | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

2018 жылдың І тоқсанында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры 43,7 млрд. теңге әлеуметтік төлем жасады

Әлеуметтік төлемдер

  Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) 2018 жылдың І тоқсанында өзінің әлеуметтік төлем алушыларына 43,7 млрд. теңге төледі.   

Оның ішінде ең көп төлемдер ана мен баланы қолдауға бағытталды. 51 мыңға жуық әйелге жүктілігіне және босануына байланысты демалыс ақысы төленді, ал 1 жасқа дейінгі бала күтіміне қатысты 250 мың азамат төлем алды. Бұл мақсатқа жалпы 37,7 млрд. теңге жұмсалды.   

Сонымен қатар, алғашқы тоқсанда 71,5 мың адам еңбекке жарамсыз жағдайы бойынша, 40 мың адам – ата-анасынан немесе олардың біреуінен айырылған балаларға, 14 мың адам – жұмысынан айырылуына байланысты төлемдер алды. Оғған 6 млрд.теңге бөлінді.

Бұл төлемдер жұмыс берушілердің өз қаражаты есебінен төлейтін әлеуметтік аударымдар есебінен жүзеге асырылады.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік аударымдардың мөлшері 5 %-дан 3,5%-ға төмендеді.

 

28 сәуір, 2018 - 17:27 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші