ҚР ЕХӘҚМ-де мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және олардың өмір сүру сапасын арттыру мәселелері талқыланды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

ҚР ЕХӘҚМ-де мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және олардың өмір сүру сапасын арттыру мәселелері талқыланды

Встреча с инвалидами

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымованың төрағалығымен мүгедектердің құқықтарын іске асыру жөніндегі республикалық семинар-кеңес өтті.

Аталмыш семинар-жиналыс Халықаралық мүгедектердің құқығын қорғау күнінің қарсаңында жасалды. 1992 жылы 5 мамырда мүмкіндіктері шектеулі адамдар бір мезгілде 17 еуропалық елдерде мүгедектердің тең құқылы болуын сақтау және физикалық, психикалық немесе сенсорлық шектеулері бар жандарды кемсітушілікке қарсы күресу күнін өткізеді.

Бұл қозғалыстың мақсаты – мүмкіндіктері шектеулі жандардың құқығын қорғауға қатысты мәселелерге жаппай қоғам назарын аудару болды.

Семинар барысында Қазақстандағы мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және олардың өмір сапасын жақсарту мәселелері талқыланды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрі Мәдина Әбілқасымова мүмкіндіктері шектеулі жандардың өмірін жақсартуға қатысты 5 негізгі бағытты атап өтті.

«Өмір сүру сапасын жақсарту және құқықтарды қамтамасыз етудің негізгі бағыты - мүгедектіктің алдын алу болып табылады. Қазіргі таңда, елімізде 660 мың мүгедектігі бар адамдар өмір сүруде немесе олар жалпы халықтың 3,7% құрайды. Олардың ішінде 83 мың бала мүгедектер бар. Осыған орай, профилактикалық медицинаның ұлттық скринингтік бағдарламаларын енгізу және олардың көбеюін дамытуға қатысты шаралардың алынуы айрықша өзектілігін көрсетіп отыр», - деп Мәдина Әбілқасымова баса айтты.

Жергілікті атқарушы органдармен бірге әлеуметтік нысандар мен транспорттық инфрақұрылымдарды паспорттау және бейімдеу арқылы шектеусіз орта қалыптастыру бойынша жұмыстар жасалуда.

Әсіресе, «Қолжетімді орта» жобасы аясында, қазіргі таңда, 32,6 мың нысаннан 31,4 мың нысан паспортталған. 17,3 мың нысан бейімделген, 3,7 мың нысан бейімделуге жатады. Паспортталған нысандардың жалпы санынан мүгедектерге қолжетімділікті қамтамасыз етуші нысандардың үлесі 88,1%.

«Мүгедектерге қызмет көрсетуге бағытталған  құрылымдардың орналасқан орындарында арнайы құрылғылар орнатуға, республикалық бюджеттен 2018 жылы 12 615 мың теңге көлемінде қаражат бөлінген»,  - деді Министр.

Министрдің айтуы бойынша, соңғы жылдары, мүгедектігі бар жандардың құқығын қамтамасыз ету бойынша үлкен жетістіктерге қол жеткізілген. Дегенмен, біршама кешенді қарастыру мен шешуді қажет ететін көкейкесті мәселелерді шешу қажеттілігі қалып отыр.

«Мүгедектікті белгілеу мерзімін қайта қарау, қалпына келмес анатомиялық кемістіктердің тізімін кеңейту, соның ішінде он сегіз жастан үлкен тұлғалардың мүгедектік тобын белгілеу мерзімсіз», - деп атап өтті - мекеме басшысы.

Сондай-ақ, алаңда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің әлеуметтік еңбек саласын әрі қарай оңды қайта қалпына келтіруді тереңдету және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, өздігінен өмір сүру үйлерін дамыту мен мүгедектер құқықтарының  Конвенциясын іске асыруға қатысты тәуелсіз мониторинг механизмін қалыптастыру бастамалары айтылды.

5 мамыр, 2018 - 16:14 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші