Халықаралық мүгедектердің құқығын қорғау күні қарсаңында министр Мәдина Әбілқасымова Астанадағы мүгедектердің қоғамдық бірлестігінде болды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Халықаралық мүгедектердің құқығын қорғау күні қарсаңында министр Мәдина Әбілқасымова Астанадағы мүгедектердің қоғамдық бірлестігінде болды

мүгедектермен кездесу

Ведосмтва басшысы осы жылдың сәуір айында құрылған инклюзивті жобалау Орталығының жұмысымен танысты.

Орталықтың қызметі мемлекеттік органдар және компаниялармен бірге мүгедектерді психологиялық дайындау және ақпаратпен қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімделу мақсатында кешенді сүйемелдеу бойынша консультациялық қызметтер көрсетуге бағытталған.

Министр М. Әбілқасымова барған орталық негізгі қызметтермен қатар мүгедектер үшін ынталандыратын функцияны жүзеге асырады.

«Бүгінде мұндағы мамандар үлкен жұмыс атқаруда, өздерінің үлгісімен көрсетіп отырғандай, заманауи технологиялардың арқасында адам өз-өздігімен дами алады. Біз өз тарапымыздан барлық қолдауға дайынбыз. Бүгінгі күні орталықта жұмыс істейтіндердің көпшілігі жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналасты, олар нәтижелі  жұмыспен қамту бағдарламасының қатысушылары. Мен бұл мамандарға сәттілік тілеймін және біз осы тәжірибені еліміздің барлық өңірлерінде кеңінен қолдануға тырысамыз », - деп атап өтті ведомства басшысы Мадина Әбілқасымова.

Орталықтың құрылуына бастамашыл болған «ELAMAN» әлеуметтік инновациялық жобалар» қоғамдық қорының төрағасы және қоғам қайраткері Алмаз Ержан.

«Жақын арада мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында волонтерлерге, әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысқысы келетіндерге арналған тәжірибеден өтуге мүмкіндік жасап, тегін заңгерлік кеңес беретін боламыз», - деді Алмаз Ержан.

Сондай-ақ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова «Тәуелсіз өмір ДОС» мүгедектер орталығы қоғамдық бірлестігіне де барды. Тірек-қозғалыс аппаратының көмегімен жүретін мүгедектерді біріктіретін бұл ұйым 2006 жылдан бастап жұмыс істейді.  

Осы жылдар ішінде орталық «Инва-СТО» жобасы аясында мүгедектерге арналған арнайы техниканы жөндеу бойынша әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жұмысын жасады, мұнда мүгедектерге арналған «Керамика мектебі» әлеуметтік жобасы да бар.

Сондай-ақ, орталықта мүгедектер үшін концерттік бағдарламалар мен мәдени демалысты ұйымдастыру үшін «ДОС Арт» мәдени-сауықтыру клубы да қызмет етеді.

«ДОС Арт» мәдени-сауықтыру клубы елдегі мәдени және әлеуметтік жобаларда белсенді ат салысып келеді. Вокалистердің қорында «Славян базарыr» (Беларусь) Халықаралық өнер фестивалі аясында «Витебск-2017» халықаралық мүгедектердің халықаралық байқауы, «Несебър без границ» халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған халықаралық байқауы (Беларусь) және тағы басқа көптеген марапаттар мен жеңістер бар.

Айта кету керек «Инва-СТО» мүгедектік техниканы сервистік техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жобасы Еліміздегі Үздік әлеуметтік жобалар байқауында үшінші орын алған болатын.

15 мамыр, 2018 - 14:41 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші