X
egov

You are here

Еңбек министрлігінде Ұлы Жеңіс күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті

9 мамыр мерекесімен құттықтау

Мемлекеттік орган ұжымын ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова құттықтады.

Мерекелік шараға ҰОС ардагерлері Бекбаев Асылхан Табылдинович және Линник Олег Иванович шақырылды.

«Жеңіс күні ерекше мереке. Біздің еркіндігіміз бен бейбіт күніміз үшін өмірін қиған батырлардың есімін құрметтеу керек. Бүгін біз осы ерлік үшін алғыс айтамыз. Бүгінгі және болашақ ұрпақтың осы маңызды күнді және осы күнді алып келген барша ардагерлер бас иіп, құрмет тұту керектігін қалаймын», - деді Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілеген Еңбек министрі Мәдина Әбілқасымова.

Іс-шараға қатысқан қос ардагер, жастарға және жалпы еліміздің азаматтарына, бұл Ұлы Жеңіске қандай қиын-қыстау замандарды ерлік және батылдықпен өткере отырып қол жеткізгендерін айтып өтті. 

Бекбаев Асылхан Табылдинович 1944 жылы 3-ші Белорусия фронтының 6-шы гвардиялық бомбалау авияциялық дивизиясының 134 гвардиялық авиация полкінде Армия Генералы Грюкин қолбасшылығында Белорусия және Прибалтика жерін фашистік басып алушылардан азат етті.Ұлы Жеңіс күнін Шығыс Пруссияда Кенигсберг аумағында қарсы алды. Мынадай марапаттарға ие: 1-ші дәрежелі Отан соғысының Ордені, «Құрмет белгісі», Медальдері: «Фашистік Германияны жеңгеніне орай», «Белоруссияны азат еткені үшін», Кеңес Үкіметінің Маршалы Г.К. Жуковтың таққан медалі және тағы басқа мерейтойлық марапаттар.

Линник Олег Иванович 1943 жылы өз еркімен соғыс алаңына жазылып, Кунгур қаласының қосымша полкіне жіберілген.1943 жылдың жазында барлаушы взводына жолданған. 1943 жылдың қараша айында 1-ші Украина фронтында Червонная слобода ауылын азат ету шайқасына қатысып басынан жарақат алған. Мынадай марапаттарға ие: 2-ші дәрежелі Отан соғысының Ордені, «1941-1945ж.ж. Соғыс ардагері белгісі».

Сонымен бірге ведомства басшысы аталған мерекелік жиында ұжымдағы барша ер азаматтарды 7 мамыр Отан қорғаушылар күнімен де құттықтады.

 «Қос мереке Отанға қызмет ету дәстүрі мен Кеңес жауынгерінің қаһармандығы арасында өзара сабақтастығы бар мәні зор атаулы күн», - деді М.Әбілқасымова.

5 мамыр, 2018 - 18:59 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші