Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова ардагерлерді құттықтады | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова ардагерлерді құттықтады

Ардагерлер отбасында

Ұлы Жеңістің 73 жылдығы қарсаңында министр М.Әбілқасымова Астанада тұратын бірқатар ардагерлердің отбасына барып, жеке-жеке құттықтады.

Алдымен ведомства басшысы ардагер Мінайдар Боранбаевтің отбасында болды. Мінайдар Боранбаев 18 жасында соғысқа аттанған. Ол Белосток (Белоруссия), Шецин (Штеттин), Бреслау, Хоккенхайм, қалаларын жаудан азат етуге қатысты. Ал, Жеңіс күнін Росток қаласында қарсы алыпты (Германия). Соғыс жылдарының басында атқыштар қатарында, кейіннен байланысшы болып борышын өтеген. Осы арада арнайы курстан біліп алып, әскер соңына дейін радиостанса жетекшісі болып, сержант дәрежесін алды. Ардагер Ұлы отан соғысынң ІІ дәрежелі орденімен, «Әскери қызметі үшін», «Беларусті жаудан азат етуге қатысқандығы» үшін және басқа да наградалармен марапатталған.

«Бүгінгі ұрпақ, яғни біз сіздердің көрсеткен ұлы ерліктеріңізге табынамыз. Сіздердің батылдықтарыңыз бен көрсеткен күш-жігерлеріңіздің арқасында еркін елде тұрамыз және жұмыс істейміз. Соғыстан кейін барлық күш-жігеріңізді елдің қалыптасуына және одан әрі дамуына бағыттадыңыз, сіздің жауынгерлік және еңбек ерліктеріңіз жас ұрпаққа үлгі болып қала береді», - деді өз құттықтауында Мадина Әбілқасымова.

Министрді қонақ еткен Раиса Сафоничева өзара әңгіме кезінде 1980 жылы лайықты демалыстан шыққаннан кейін жұмысын жалғастырып, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқанын, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі болып сайланғанын айтты. Ардагер өз кезегінде елімізге және бүкіл әлемде бейбітшілік пен келісім болуын және гүлденуін тіледі.  

Ал, ардагер Иван Ботев 1943 жылы майданға аттанып, 1-ші Беларусь майданында жауға қарсы тұрды. Соғыс біткен соң 1971 жылға дейін зымыранды әскери қызметінде қатардағы жауынгерліктен бастап, штаб басшысына дейін көтерілді. Ұлы отан соғысының ІІ дәрежелі орденімен «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған. Министр Мәдина Әбілқасымова ардагерге ұзақ ғұмыр тіледі.

Еске сала кетейік, бүгінге елімізде 2 067 Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектері бар,  оларға адам 39 723 теңестірілген, ал 166 700 адам Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген басқа санаттағы тұлғалар. Биыл Ұлы Жеңіс мерекесін атап өтуде облыс және Астана мен Алматы қалаларында 400-ге тарта түрлі іс-шаралар өткізу жоспарланған.

Ұлы Жеңіс күні мерекесі қарсаңында ҰОС ардагерлеріне берілетін біржолғы төлем көлеміне 2,7 млрд. теңге бөлінген болатын. 

7 мамыр, 2018 - 15:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші