X
egov

You are here

Мәжіліс әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Пленарлық отырыс

Бүгін ҚР Паламенті Мәжілісінің пленарлық отырысының бірінші оқылымында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы мақұлданды.  

Заң жобасының негізгі жаңалығы 2018 жылдың 1 – шілдесінен бастап 18 жастан асқан бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасайтын адамдарға арналған жаңа жәрдемақыны енгізу қарастырылған.

Бұл жәрдемақыны 14 мыңға жуық отбасы алады, ал оның көлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,05 мөлшерін немес 29 699 теңгені құрайды. Оны бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке қарап отырғандарға беріледі және олардың күтім жасаған кезеңдері зейнетке шыққанда еңбек өтілі болып есептеледі.  Сонымен қатар, бала кезден бірінші топтағы мүгедектерге берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының көлемі 54 306 теңге.  Сонымен қатар, бірінші топтағы мүгедектер жеке оңалту бағдарламалары шеңберінде медициналық-әлеуметтік көрсеткіштерге сәйкес қажетті құралдармен және қызметтермен қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңға енгізілетін түзетулер әлеуметтік қызмет көрсетуге тек қана мемлекеттің емес, сонымен қатар азаматтардың, отбасы мүшелерінің, жеке сектордың және үкіметтік емес ұйымдардың бірдей қатысуын қамтамасыз етуге мүмкіндіктер береді. Осы мақсатта әлеуметтік қызметкерлерге арналған жаңа біліктілік талаптары, медициналық және медициналық мекемелердің стандартты ережелері талап етіледі.

Бұдан басқа, арнайы әлеуметтік қызмет алушылар және оларға көрсетілетін әлеуметтік қызметтер туралы дербес ақпаратты қамтитын әлеуметтік портал құру жоспарланып отыр. Бұл табиғи қозғалысты, тұтынушылардың құрамын өзгертуді және арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсететін мамандарды ескере отырып жүйелі түрде жаңартылады.

Заң жобасында сондай-ақ, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына жұмысқа орналасуға жәрдемдесудің белсенді шараларының шарттарын өзгерту жағдайында әлеуметтік келісімшарттың мерзімін ұзартуға  қатысты өзгертулерді қарастырады. Бұл іс жүзінде әлеуметтік келісімшарт мерзімі ұзартылуы мүмкін объективті жағдайларды белгілеуге мүмкіндік береді және аз қамтылған  азаматтардың келісім-шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау тиімділігін арттырады.

 Сонымен бірге, заң жобасы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер кестесіне күн сайынғы қаржыландыруға көшуді өзгертеді, бұл тағайындалған әлеуметтік төлемдерді 3 жұмыс күніне дейін алу мерзімін қысқартады.

Бұған қоса, құжат 2017 жылғы 13 маусымнан кейін әскери қызметтен босатылған адамдарға әскери тіркеуге немесе Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелгенге дейін, теміржол, автомобиль және ішкі су көлігімен мемлекет есебінен жүру құқығын беру туралы түзетулерді де реттейді.

16 мамыр, 2018 - 15:35 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші