X
egov

You are here

Министр Мәдина Әбілқасымова АЭФ аясында өткен дөңгелек үстел отырысына қатысты

АЭФ

Бүгін XI Астана форумы шеңберінде «Теңсіздіктің кеңеюі. Қаржылық сегрегациямен күрес» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел барысында әлемдік экономиканың, атап айтқанда, елдердің, өңірлердің және қалалардың деңгейінде жаһандық ауқымдағы теңсіздіктің қарқынды өсуі талқыланды.

«Ракурс» экономикалық талдау орталығы» қоғамдық қорының директоры Ораз Жандосов жүргізген дөңгелек үстел қонақтары - француз саясаткері, Францияның экс-президенті, «France 3s committed» қорының төрағасы Франсуа Олланд, PEMANDU бас директоры, Малайзияның бұрынғы министрі Идрис Джала, World Bank-тің Қазақстандағы тұрақты өкілі Ато Браун, БҰҰ-ның ЮНКТАД сауда және даму Конференциясының Бас хатшысы Мухис Китуи, Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) экономика және саясат басқармасының директоры секілді белгілі әлемдік саясаткерлер болды.

Қазақстан тарапынан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова қатысып, сарапшы ретінде өз ойын ортаға салды.

Әлемдік экономиканың өсуіне қарамастан, кедей мен байлар арасындағы алшақтық үдеп барады. Қаржылық сегрегация қандай деңгейде болады? Дөңгелек үстелге қатысушылар осы жағдайларды жан-жақты талқылады. Бас сарапшы Франсуа Оландтың пікірінше теңсіздік тақырыбы үнемі саяси пікірталас ортасында болуы керек. Адами капитал мен денсаулық саласын дамыту саясатын тиісті түрде ұйымдастыру, теңсіздікті жеңудің бір жолы болары анық.

Малайзияның бұрынғы министрі Идрис Джала өзінің келтірген мысалында сапалы білім - бұл әлеуметтік мобильділікті алудың ең жылдам жолы, сонымен қатар, үкімет пен жеке бизнес қоян-қолтық жұмыс істеу керектігін ерекше айтты.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, соңғы онжылдықта Қазақстан айтарлықтай прогреске қол жеткізді.

2000 жылдары еліміз әлемдегі экономикасы дамып келе жатқан елдер қатарында болды. Экономикалық өсудің нәтижелері халықтың өмір сүру деңгейін айтарлықтай арттыруға және жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді.

«Жағдайы жақсы және аз қамтылған азаматтардың арасындағы 10% -дық айырмашылықты айтар болсақ, 2000 жылдан бастап 2017 жылға дейін олардың қатары 9 есеге дейін төмендеді», - деді министр.

            Сонымен қатар, төртінші өнеркәсіптік революцияның белсенді түрде іске асырылуымен қатар, жаһандық үрдістер еңбек нарығына және Қазақстан азаматтарының теңдігіне кері әсер етпеуі керек.

«Жаңа үрдістер орташа деңгейдегі жұмыс орындары санының ұлғаюына әкеледі. Бұл бүгінгі күнгі төмен білікті жұмыс күшін пайдаланатын жұмыс орындарының күрделілігін көрсетке керек. Сонымен қатар, Қазақстан үшін еңбек өнімділігін арттыру міндеті білім беру жүйесін дамыту мен адами капиталдың сапалы дамуымен тығыз байланысты », - деді М.Әбілқасымова.

 Осылайша, цифрландыру экономиканың технологиялық күрделілігін және еңбек өнімділігін реттейді, сонымен қатар халықтың табысын арттырады және теңсіздікті төмендетеді.

Еске сала кетейік бүгін 11-ші Астана экономикалық форумының салтанатты ашылуы өтті. Әлемдік проблемаларды шешуге бағытталған форум, 2018 жылғы жаһандық дағдарыс саммиті аясында өткізіледі.

Форум әлемдегі бүгінгі алаңдаушылықты тудыратын 11 жаһандық тақырыпты талқылауды жоспарлап отыр. Олардың ішінде - бірыңғай экономика, жаңа таза энергия, жаһандық қауіпсіздік, цифрлау, урбанизация, ресурстық тұрақтылық, қаржылық революция және т.б. тақырыптарды қамтиды.

АЭФ-ына әр түрлі елдерден 500-ге жуық спикерлер қатысады. Форумның алғашқы екі күні әлемдік күн тәртібіне арналып, үшінші күні спикерлер алты бағыт бойынша ҚР Үкіметі өкілдерімен, сарапшылар қауымдастығымен жұмыс істейтін болады.

Айта кету керек, Астана экономикалық форумы алғаш рет 2008 жылы өтті. Онда әлемдік экономика мен қаржы жүйесін жетілдіру және дамыту мәселелері талқыланды. Содан бері АЭФ ең беделді халықаралық алаңдардың бірі болып келеді.

17 мамыр, 2018 - 19:35 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші