X
egov

You are here

«NUR OTAN LECTURES» жалпыұлттық дәрісі өтті

Дәріс оқу

2018 жылы 19 мамырда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев «NUR OTAN LECTURES» ашық жалпыұлттық дәрісін өткізді.  Мұнда мемлекеттен шағын несие алу тәртібі мен өз кәсібін ашу мәселелері баяндалды.

Вице-министрдің айтуынша, халықтың табысын арттырып, қазақстандықтардың өмір тұрмысын жақсартуға бағытталған Мемлекет Басшысының төртінші әлеуметтік бастамасын жаңа қадам деп айтуға болады. Мұнда қалалар мен ауылдарда шағын несие беру аясын кеңейту қарастырылған.

Шағын несие беруді дамыту 2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде іске асырылуда. Бұл бағдарлама аясында жаппай кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасау қарастырылған. Соның ішінде үміткерлерге “кәсіпкерлік әліппесін” тегін оқыту, бизнес-жоспарды дайындауға қолдау көрсететін «Бастау-Бизнес» жобасын баса айтуға болады. Осы жоба аясында 12 ай мерзімге дейінгі бизнес-жобаға нұсқау жасалып, 16 759 теңге көлемінде шәкіртақы төленеді.

Кәсіпкерлік негіздерін оқып сертификат алған үміткерлер бизнес жобаларды бағалау процедурасынан өтіп, шағын несие алуға мүмкіндік алады.  Тарқатып айтқанда ауылда - 2,5 мың АЕК (6 млн.теңге) дейін, якорлық негіздегі корпорацияларды дамыту үшін–5 мың АЕК (12 млн. теңге) дейін, қалалар мен моноқалаларда - 6,5 мың АЕК (15 млн.теңге), Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларында - 8,0 мың АЕК (19 млн.теңге) дейін белгіленген.

Вице-министр Н. Әлтаев жобаның сәтті іске асырылып жатқанына тоқталды. 2017 жылдың қорытындысы бойынша 15 мың адам оқытылып, олардың 3 314-і өз ісін бастауға шағын несие алды.

Биыл «Бастау-Бизнес» жобасына 1,2 млрд. теңге бөлініп, 30 мың адамды оқыту жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда 6 728 адам оқытылды.

Айта кетелік, мемлекет басшысының төртінші әлеуметтік бастамасы аясында 2018 жылы шағын несиелеу бағдарламасына қосымша 20 млрд. теңге бөлінді. Осылайша шағын несиелендіру бюджетінің жалпы көлемі 62 млрд. теңгені құрады. Бұл 14 мыңнан астам адамды шағын несиемен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек 2017 жылы Бағдарламаға шағын несие сомасының 85%-нан аспайтын көлемін қайтарымсыз негізде кепілдендіру механизмі енгізілді.

Сонымен қатар 2017 жылы жаңа бизнес-идеяларға 100 АЕК (240 500 теңге) дейін мемлекеттік гранттарды ұсыну бойынша Бағдарламаға өзгертулер мен толықтырулар жасалды.

Биыл 3 мыңнан астам мемлекеттік грант беру қарастырылған.

Лекция соңында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Бағдарламаның іске асырылып жатқан механизмдері өз ісін ашқысы келген адамдарға үлкен көмегін тигізіп, азаматтарды жұмыспен қамтуға сеп болғанына тоқталды.

21 мамыр, 2018 - 13:36 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші