Ақмола облысында электржетегі бар мүгедектерге арналған арба шығару жолға қойылмақ | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Ақмола облысында электржетегі бар мүгедектерге арналған арба шығару жолға қойылмақ

рабочая поездка Жакуповой

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова іс-сапарымен Көкшетау қаласына барған кезде белгілі болды. Мүгедектікті, еңбек қабілеттілігінен айырылу деңгейін белгілеу және әлеуметтік қорғау шараларының қажеттілігін анықтау бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді автоматизациялау бағытында екі қалалық емханада жүргізіліп жатқан дайындық жұмыстарының барысымен танысты.  

Сондай-ақ вице-министр «Тыныс» АҚ зауытының бас директоры К.Ж. Қалманбаевпен кездесті. Оның нәтижесінде электржетегі бар арба креслоларының өндірісін іске қосу бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Вице-министр атап өткендей, бұл бастамалардың маңыздылығы мен ауқымы ескеріле отырып, жобаны одан әрі әзірлеу және үйлестіру орталық деңгейде жалғасатын болады.

Медициналық және әлеуметтік сараптама қызметінің және ведомстволық ақпараттық жүйелерді біріктіру жөніндегі жаңа жобаны енгізу мақсатында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Ақмола әкімдігі және «Даму ақпараттық технологиялар орталығы» ЖШС арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Пилоттық жобаға Ақмола, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстары қатысады.

21 мамыр, 2018 - 15:03 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші