ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова ЭЫДҰ өкілдерімен кездесті | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова ЭЫДҰ өкілдерімен кездесті

ЭЫДҰ

Кездесу барысында Экономикалық ынтымақтастық ұйым өкілдері - Алессандро Голио мен Эндрю Бэлл «ЭЫДҰ дағдыларын дамытудың стратегиялық» Жобасын таныстырды. Бұл Қазақстандағы жобаны дамытудың негізі ретінде ұсынылып отыр.  

Кездесу барысында тараптар елімізде оңтайлы бейімдеу мақсатында аталған жобаның контексі мен мақсаттарын анықтау тұрғысынан ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Аталған ұйым ЭЫДҰ-ның дағдылар стратегиясына және оның бірегей сектораралық білім базасына сүйене отырып бейімделген дағдылар жобаларын дамыту бойынша елдермен өзара ынтымақтастық орнатады.

2017 жылы ұйым «ЭЫДҰ дағдыларын дамытудың стратегиялық» Жобасына қосылуды ұсынған болатын.

Бұл жоба мемлекетіміздің әлемнің дамыған 30 елінің қатарына тұрақты өтуін  қамтамасыз етуге бағытталған, Қазақстанды Үшінші Жаңғыруын жүзеге асыруда Елбасы белгілеген стратегиялық мақсатқа сәйкес келеді.

Кәсіби дағдылар - XXI ғасырдағы экономиканың жаһандық валютасы. Бірақ мұндай «валюта» тез құнсызданып, қарқынды өзгеріске ұшырап тұрған нарықта аса маңызды болмайды және талап етілмейді. Кәсіби дамып, инвестициялардан көлемді табыс табу үшін адами капиталды бағалап, еңбек нарығының талаптарын болжау, талап етілетін мамандықтарды және кәсіби дағдыларды дамыту қажет. Адамдардың өз кәсіби қабілеттерін дамыту және тиімді пайдалану үшін тікелей жұмысқа орналасуына жағдай жасау керек, соның нәтижесінде өмірді жақсартуға мүмкіндік туады.

Мемлекеттік деңгейде ұсынылған қағидалар мен стратегиялық шаралар жиынтығы экономикалық өсуге қол жеткізу үшін адам капиталдың тиімді инвестициялау жолдарын көрсетуге бағытталған. Сондай-ақ, тұжырымдама елдің қазіргі қолданыстағы жүйесіндегі күшті және әлсіз жақтарды талдауға, өзгелермен салыстыруға және өз стратегиямызды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«ЭЫДҰ дағдыларын дамытудың стратегиялық» Жобасына қатысу Қазақстанға білім беру жүйесіндегі «цифрлық дәуір» жаңа индустрияландыру көлемін және ұлттық еңбек нарығының тиімділігін арттыруға көмектеседі.

24 мамыр, 2018 - 18:08 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші