X
egov

You are here

Еңбек министрі Мәдина Әбілқасымова Қостанай облысының жастарымен кездесті

Қостанайға жұмыс сарап

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қостанай облысына жұмыс сапары кезінде «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ-ның оқу орталығында студенттермен кездесті.  

Жиында өткен аптада Астана экономикалық форумында Елбасы айтқан қазіргі әлемдегі бес мегатренд тақырыбына  ерекше көңіл бөлінді. Соның ішінде ең бастысы - жаһандық еңбек нарығының трансформациясы. Кәсіпорындар үшін жұмыс күшінің арзандығы емес, қызметкерлердің біліктілік деңгейі маңызды болып отыр. Күнделікті физикалық еңбектің 80% -ын болашақта роботтар ауыстыруы мүмкін. Алдағы 10 жылдықта барлық мамандықтардың 10%-дан 50%-ға дейін жоғалып кету қауіпі бар.

Сондықтан, технологиялық жаңғыртуды жеделдететін қиындықтар мәселесін, сондай-ақ жақын арада еңбек нарығына шығатын адамдарға қандай дайындықтар қажеттілігі туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова әңгімелеп берді.

ЭЫДҰ зерттеуі бойынша, жұмыс орындарының 9% -ында еңбек функциялары 50-70%-ға дейін автоматтану тәуекеліне ұшырайды.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда барлық салаларда жұмыс орындарының күрделі бола түсуі болжануда, бұл 2025 жылға дейінгі еліміздің Стратегиялық даму жоспары және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асырылуымен тікелей байланысты.

Осыған байланысты ведомства басшысы М. Әбілқасымова жас буын өкілдеріне заманауи дәуірдегі құзыреттілікке бейімделу, деректерді талдау, сын тұрғысынан терең ойлану, жаңашылдық, коммуникация, цифрлық дағдылар секілді маңызды бағыттарға назар аударуды ұсынды. Сондай-ақ, министр өмір бойы оқыту мен өзін-өзі дамыту қажеттілігіне ерекше көңіл бөлу керектігін айтты. Бұл адамның бәсекеге қабілеттілігін жоғалтпауға және жаңа немесе күрделі жұмыстарды атқаруға өз көмегін береді.

«Мемлекет Басшысының тапсырмасымен бүгінгі күні оқи алмаған жастар еңбек нарығында талап етілетін мамандықтар бойынша 6 айға дейін тегін білім алады. Сондай-ақ өз бизнесін ашуға мүдделі жастар жеті жыл мерзімге 19 млн. теңгеге дейін микрокредиттер алуға мүмкіндіктері бар. Стартаптар үшін кәсіпкерлікке арналған «Бастау-Бизнес» тегін оқыту курсы ашылды, онда 12 айға дейін бизнес-жоспарларды дайындау және бизнес-жобаны қолдауға барлық көмектер көрсетіледі» -деді министр.

М.Әбілқасымова басқосуда «жастар практикасы» туралы да еске салып, оның аясында жас мамандар алты ай ішінде тәжірибе жинақтап, мемлекет есебінен жалақы алады.

Жұмыс іздеу жүйесін жеңілдетуге бүкіл аймақтағы 20 жұмыспен қамту орталығына қосылған, жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер туралы ақпарат беретін Электрондық еңбек биржасына көмектеседі.

Қорыта айтқанда Қостанай облысында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасының» жүргізілуі өз деңгейінде, оны іске асырудағы тетіктер өзінің тиімділігін көрсетеді. Облыс жастары осындай кездесуде бірнеше рет айтылған «Цифрлық Қазақстан» ауқымды мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді түрде қатысуға ниетті екендіктерін білдірді.  

26 мамыр, 2018 - 10:56 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші