X
egov

You are here

Еңбек министрлігінің қызметкерлері саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым етті

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінде ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Жақупова бастаған аталған министрлік қызметкерлері «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешенінде болды.

Мұражай-мемориалдық кешеніне барған министрлік ұжымы ескерткішке гүл шоқтарын қойып, саяси қуғын-сүргін құрбандарын бір минуттық үнсіздікпен еске алды және кешен аумағында ағаш көшеттерін отырғызды.

«Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес негізсіз репрессияға ұшыраған және ақталған тұлғаларға ақшалай өтемақы төленеді.

2003 және 2017 жылға дейінгі кезеңде республикалық бюджеттен бұл бағытқа 2,9 млрд. теңге біржолғы ақшалай өтемақы төленді.

Сонымен қатар, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлерлік жастағы адамдар әлеуметтік жәрдемақының басқа түрлеріне қарамастан, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны да алады.

2005 жыл мен 2017 жыл аралығында арнаулы мемлекеттік жәрдемақыға  республикалық бюджеттен 8,9 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлініп, төленді.  

Биылғы жылдың 1 мамырдағы жағдай бойынша саяси қуғын-сүргінге ұшыраған және саяси құрбандар қатарынан арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны алушылар саны 34 682 адам болды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын азаматтардың ақшалай қаражаты бірқатар қосымша құқықтар мен жеңілдіктерге ие.

Сонымен бірге, жергілікті атқарушы органдар жергілікті уәкілетті органдардың шешімі бойынша, қоғамдық бірлестік басшыларымен осы санаттағы азамттардың құқықтары мен құзыреті шегінде тиісті көмек көрсету және басқа да көмек түрлерін ұсыну үшін жергілікті бюджет есебінен қосымша шаралар белгіленген.

Сонымен қатар, қолданыстағы заң бойынша он сегіз жасқа толмаған және ата-анасының қамқорынсыз қалған саяси қуғын-сүргін құрбандарының балалары, ата-аналары немесе олардың орнындағы адамдар саяси қуғын-сүргін көргендер қатарына жатқызылады.

Сонымен бірге қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қарауында саяси репрессиядан зардап шеккен балаларды, сондай-ақ олардың ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды қамтуды көздейтін заң жобасы бар.  

31 мамыр, 2018 - 19:19 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші