X
egov

You are here

Министр М. Әбілқасымова Халықаралық еңбек конференциясының 107-ші сессиясының жұмысына қатысты

ЕХӘҚМ

2018 жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова Халықаралық еңбек конференциясының 107-ші сессиясына қатысу үшін Женеваға барды.

Биылғы конференцияда жұмыс орнындағы ерлер мен әйелдердің теңдігін қамтамасыз ету басты тақырып болды.

Сонымен бірге, талқыланған мәселелер арасында үкіметтер, жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасындағы әлеуметтік диалогты дамыту, жұмыс орнындағы зорлық-зомбылықты болдырмау, тұрақты дамуды жүзеге асырудағы ынтымақтастық, ХЕҰ-ның бірқатар ескірген конвенциялары мен ұсынымдарының күшін жою жағдайлары да сөз болды.  

Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң, жұмыс берушi ұйымдар және кәсiподақтар өкілдерiнен тұратын Қазақстан Республикасының үшжақты делегациясы Халықаралық еңбек конференциясына қатысады.

Министр Мәдина Әбілқасымова сапар аясында ХЕҰ Бас директоры Гай Райдермен, АҚШ Сауда өкілі көмекшісінің орынбасары Эрланд Херфиндалмен, АҚШ делегациясының басшысы, Еңбек департаментінің Халықаралық еңбек бюросының директоры Роберт Шепардпен, Жұмысшылар бюросының директоры Мария-Елена Андре және жұмысшылардың жұмыс істейтін ұйымдары бөлімінің басшысы С. Гловацкаспен екі жақты кездесу өткізді.

 ХЕҰ Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Хайнц Коллермен және Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша ХЕҰ аймақтық кеңсесі басқармасының басшысы Ольга Кулаевамен де жүздесті.  

Осы және басқа да кездесулердің шеңберінде ҚР-дағы әлеуметтік сақтандыру реформасы, халықаралық тәжірибемен алмасу, ХЕҰ миссиясының Қазақстанға сапары және Жол картасын жүзеге асыру нәтижелері, сондай-ақ кәсіподақтар мен жұмыс берушілердің әлеуметтік әріптестік жүйесіне қатысу мәселелері талқыланды.

Иранның еңбек министрі Әли Рабиамен кездесу барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағыттары, оның ішінде 2016 жылы өзара түсіністік туралы меморандумда көрсетілген екі жақты байланыс мәселесі жан-жақты талқыланды.  

Айта кету керек, биыл 7 маусымда Конференция аясында Дүниежүзілік еңбек саммиті өтеді, онда жұмыспен қамтудың маңыздылығы және бейбітшілік пен тұрақты  дамудың лайықты қарекеттері талқыланатын болады. Конференция 8 маусымға дейін жалғасады.

 Еске сала кетейік, Қазақстан 1992 жылдан бастап Халықаралық Еңбек Ұйымының мүшесі болып табылады, сонымен бірге оның стандарттарына және ұлттық тәжірибеге сәйкес ХЕҰ алдында өз міндеттемелерін толық орындайды.

ХЕҰ-мен бірлесіп жұмыс істеген жылдар ішінде Қазақстанда заңнамалық негізде жүзеге асырылатын міндеттемелер бойынша 24 конвенция (8 негізгі, 4 директивті, 177 техникалық, оның 12-і) ратификацияланды.

5 маусым, 2018 - 18:44 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші