X
egov

You are here

Электронды еңбек биржасы арқылы 112 мың адам жұмысқа орналастырылды

брифинг

Осы жылдың  12 маусымында Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында қаңтар айынан бастап  электронды еңбек биржасында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы брифинг өтті. Аталған брифингте сппикер ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Әлтаев баяндама жасады.

Бүгінгі таңда ЭЕБ порталында 35 мыңға жуық  бос жұмыс орындары, сондай-ақ. жұмыс берушілерден, жұмыспен қамту орталығынан, жеке агенттіктерден және жұмыс іздеушілерден 70 мыңға жуық түйіндеме орналастырылды. Электронды еңбек биржасының қызметіне 41 мың жұмыс берушілер, 133 мың жұмыс іздеушілер жүгінген. ЭЕБ арқылы 112 мың жұмыс іздеушілер жұмысқа тартылды.

2018 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында Электронды еңбек биржасына жеке жұмыспен қамту агенттігімен 5 398 бос жұмыс орындары орналастырылды.

ЭЕБ порталындағы «кері байланыс тәртібі» бөлімінде әрбір азамат техникалық мәселелер бойынша тиісті мамандармен байланысып, өздеріне қажетті ақпараттарды ала алады.

Өткен жылдың бір айында порталға кірушілер саны 141,4 мыңнан асып жығылса, бір айда қарау саны -2,5 млнға жетті.

ЭЕБ даму жоспарында келесі міндеттердің іске асырылуы қарастырылуда:

  • Жұмыс берушінің жеке кабинетінде болжамды бос жұмыс орындары және жұмысшыларды жұмыстан жоспарлы босату және Жұмыспен қамту орталығының онлайн режимде қабылдауы туралы ақпараттардың орналастырылуы;
  • Заманауи үрдіс пен мобильді желіні пайдалануды саралай отырып, IOS пен  Android  операциялық жүйесіне арналған мобильді қосымшаны жетілдіру;
  • Жұмысқа орналастыру бойынша аутсорсинг қызметі бөлігінде жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен өзара әрекеттесу;
  • Кітапшаларды, электронды еңбек шарттарын бірыңғай тіркеу жүйесін біріктіру.

Сондай-ақ, Вице-министр 2008 жылдан бері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі жыл сайын өткізіп келе жатқан  «Парыз» сыйлықақысы жайында кеңірек тоқталды. Н. Әлтаевтың айтуынша, бұл тек айтулы марапат қана емес, сондай-ақ, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бағдарламасы мен жоспарын ойдағыдай іске асыру үшін таптырмас мүмкіндік. Конкурсты жүргізу барысында 4,5 мыңға жуық шағын кәсіпорын, орта және ірі бизнес өкілдері қатысуға ниет білдірді.

 «Парыз» конкурсына қатысушылар мен лауреаттардың бастамасымен 150 мыңнан аса жаңа жұмыс орындары құрылды. Әлеуметтік жобаларға, демеушілікке және  қайырымдылыққа 135,5 млрд теңге бөлінді. Кәсіпорындар тарапынан құрылысқа, қайта құруға, жаңғыртуға және су тазарту қондырғылары мен газ  тазарту қондырғыларын  күтіп ұстауға  63,7 млрд. теңге бөлінді. Облыс мен қалаларды абаттандыру мен көгалдандыру бойынша  кәсіпорындардың шығыны 36,3 млрд теңгені құрады. Сонымен бірге, конкурсқа қатысушылар мен лауреаттар 300 мыңға жуық түп тал отырғызды», - деді вице-министр.

Н. Әлтаевтың сөзінше, аталған бизнес секторы еліміздің қарқынды дамуында маңызды рөл атқарады: Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі - бұл бос сөз ғана емес. Біз «гүлденген мемлекет құру», «азаматтардың әл-ауқатын жақсарту», ​​«өмір сүру стандарттарының жоғары деңгейін енгізу» және т.б. айтпақшымыз. Бірақ, көбінесе, бұл жұмыс тек мемлекеттің артықшылығы ретінде қабылданады. Бұл өте жаңсақ пікір. Бүкіл ел бірлесе жұмыс істеген жағдайда ғана қол жеткізуге болады.

12 маусым, 2018 - 18:04 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші