X
egov

You are here

Астанада халықты жұмыспен қамтуды рәсімдеу мәселелері талқыланды

өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды формализациялау

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымованың төрағалығымен «Өзін-өзі жұмыспен қамтыған және бейресми жұмыспен қамтылған халықты формализациялау: қажетті заңнамалық шаралар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Парламент депутаттары, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық пікір көшбасшылары, қоғам қайраткерлері, бизнес өкілдері, мемлекеттік органдардың және әлеуметтік қорлар басшылары қатысты.

Сарапшылар бейресми жұмыспен қамту мәселелерін, бірыңғай жиынтық төлемді енгізуді, жұмыспен қамтылған халықты жіктеуді, статистикалық есепті жетілдіруді талқылады.

Министр Мәдина Әбілқасымова «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында Мемлекет басшысы еңбек нарығының тиімділігін қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталғандығын,  әрбір адам өзінің әлеуетін іске асыруға жағдай жасау қажеттігін айтқандығын тілге тиек етті. 

Тәуелсіздік жылдарында жұмыспен қамтылған халық саны 7,7 млн. адамнан 8,6 млн адамға дейін өсті, оның ішінде жұмыспен қамтылған халықтың 84% (7,2 млн. адам) ресми түрде кәсіпкерлік немесе еңбек қызметімен айналысады.

ҚР ҰЭМ-нің Статистика комитетінің деректері бойынша, 2017 жылы экономикада жұмыспен қамтылғандардың саны шамамен 1,4 миллион адамды құрады.

«Бүгінгі күні өздігінен жұмыспен қамтылғандар өздерінің қызметін көрсететін және әлеуметтік сақтандыруды қамтамасыз етуге қатысушы бола алатын, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін жаңа құралды енгізу үшін арнайы механизмдер әзірленді.», - деді Еңбек министрі Мәдина Әбілқасымова.

Бүгінгі күні салық және әкімшілік-құқықтық шаралар жиынтығын қарастыратын жұмыспен қамтуды рәсімдеу туралы заң жобасы әзірленді.

«Заң жобасының шеңберінде бірыңғай жиынтық төлемді енгізу арқылы тіркеуді жеңілдету және салық ауыртпалығын жеңілдету көзделген. (бұдан әрі - БЖТ). БЖТ  бейресми өзін-өзі жұмыспен қамтыған жұмысшы өз қызметі туралы хабардар ететін және жеңілдетілген жағдайда жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік төлемдерді және медициналық сақтандыруды төлейтін бірден бір құрал болып табылады.» - деп атап өтті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев.

БЖТ төлеушілер үшін салық пен әлеуметтік төлемдер бойынша төмен тарифтер жалпы режимге қарағанда айқын болады.

БЖТ көлемі белгіленеді, яғни әр түрлі әлеуметтік қорларға жарналар сомасын дербес есептеуге болмайды.

Сонымен қатар, Заң жобасының шеңберінде жұмысқа орналастырылған халықтың нақты жіктелуін айқындау, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік қолдау шараларын анықтау үшін шаралар қабылданды.

18 маусым, 2018 - 09:21 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші